Оқулық Алматы, 012 удк


төңірегіне өңкей мəстек жинапты. Бойдың қораштығынан келер зиян



Pdf көрінісі
бет78/82
Дата20.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#108906
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
Erdembekov-Kazirgi-kazak-adeb

210
төңірегіне өңкей мəстек жинапты. Бойдың қораштығынан келер зиян 
жоқ шығар, ой қораштығы қоғамды ойсыратып жібермесе...Түсінікті. 
Жаңа заманның жас мəстектерінің қасында біз жіп есе алмай қаламыз 
ба деп қорқам... » деп ой арпалысына түсетін кейіпкер қай пьесада?
А) «Тыныш көшедегі көгілдір үй»
Б) «Жолы болғыш жігіт»
В) «Лайнер»
С) «Індет немесе жаңа адам жасаймыз» 
123. Өзінің «Жалпы театр өнері мен қазақ театры» мақаласында 
қазақ халық əндері мен оларды орындаушыларды қазақ музыкалық 
драма театрына шоғырлау мəселесін алғашқылардың бірі болып 
көтерген зерттеуші
А) А. Байтұрсынов
Б) М. Əуезов
В) Т. Қожекеев
С) Р. Нұрғали 
124. 1917 жылы Ойқұдықтағы Əйгерімнің үйінде М. Əуезовтің қай 
пьесасынан билер айтысы көрсетілді?
А) «Біржан-Сара»
Б) «Еңлік-Кебек
В) «Қыз Жібек»
С) «Айтыс» 
125. Кеңестік саясат зобалаңын бейнелеген Е. Раушанов поэмасы:
А) «Аспанға көшіп кеткен ел»
Ə) «Ғайша-бибі»
Б) «Сарыөзен»
В) «Қызық емес оқиға»
126. Сарын ару, Рəпіл қай туындының кейіпкерлері?
А) Иран-Ғайып: «Қорқыттың көрі»
Ə) Н. Айтұлы: «Көк ала үйрек»
Б) М. Шаханов: «Өркениеттің адасауы»
В) Қ. Мырза Əлі: «Заман-ай»
127. 1997 жылы «үздік роман» аталған шығарма қандай?
А) Ш. Мұртаза «Ай мен Айша
Ə) Т. Əбдік «Парасат майданы»
Б) Қ. Жұмаділов «Дарабоз»
В) М. Мағауин «Жармақ»


211
128. Сөз өнерін алғашқылардың бірі болып текке, жанрға бөліп, 
талдау жасаған көне дəуір ғұламасы
А) Буало
Ə) Демокрит
Б) Аристотель
В) Конфуций
129. Көркемдік əдістерді, бағыт-ағымдарды, əдеби мектептерді 
əдебиеттану ғылымының қай саласы қарастырады?
А) Əдебиет тарихы
Ə) Əдебиет теориясы
Б) Мəтінтану
В) Əдебиет сыны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет