125
ны
та
тындығы айтылады. Сол арқылы əдебиеттің бұл тегі өз
бойында лирика мен эпостың сипаттарын ұштастырады. Драма
- адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын
іргелі, күрделі жанр.
Пьесаның екінші бөлімінде аң аулап жүріп, қапыда қал-
мақтардың тұтқынына түседі. Абылайдың
жан арпалысы арқылы
мінез бітімі ашылған. Ерекше қаһарман туған жас Қалданды да ойға
қалдырған. Тұтқынға көңілі кетіп, көмекке келетін Күлпаш сұлу,
олардан туған Əмір Сана оқиғалары пьесадағы тартысты күшейте
түседі. Абылай зынданнан шешендігімен, тапқырлығымен
құтылады. Драматург бұл тұста сөз құдыретіне ерекше мəн береді.
Əйгілі жыраулардың Абылай ханға қарата айтатын «үш ауыз
сөзбен құтылдың» дегенінің мəнісін ашады. Сондағы үш ауыз сөз
Əбіш Кекілбаев туындысында былайша беріледі:
«Қалдан: Тауда тарлан ойнай ма, бағлан ойнай ма?
Əбілмансұр: Тарлан ойнаса – жəріместігінен ойнайды,
Бағлан ойнаса білместігінен – ойнайды.
Қалдан: Тар жерде теке тіресе ме?
Əбілмансұр: Теке тіреспейді, текешік тіреседі.
Қалдан: Тірессе не болады?
Əбілмансұр: Екеуі де бөріге бұйырады».
Қалданның астарлы сұрағына Абылай осылайша шешендікпен
жауап береді. Абылайдың айбатынан сескенген Қалдан басына
азаттық беріп, іргем тыныш болар деген оймен қызы Топышты
қосып, еліне аттандырады.
Үшінші көріністе тартыс күшейіп, оқиға ширыға түседі. Ел
ішіндегі лаң, бітпес дау суреттеледі.
Қазақ шонжарлары қалмақ
шапқыншылығынан қорқып, Əмір Сананы қайтаруды талап
етеді. Хан баласын Ресейге өткізіп жіберуге мəжбүр болады. Бір
жағынан орыс, бір жағынан қалмақ, бір жағынан қытай қысқанда,
оған ел ішіндегі дау қосылып, Абылай сан сауалға жауап іздеп
аласұрады. Абылайдың мұндай кезде кеңесшісі, ақылшысы Көмей
əулие – тарихтағы Бұқар жыраудың бейнесі. Ханға өктем сөйлеп,
кеңес беріп, керек жерінде түзетіп отырған данышпан қарт жалпы
қазақ даналығының жиынтық бейнесіндей. Күлпаш пен Топыш,
кейуана мен дуана бейнелері бас қаһарманның
мінезін танытуда
өзіндік роль атқарған.
126
Пьесада ұлттық мінез бен болмыс айқын танылады. Жал қау лық
пен кертартпалық, аяқтан шалу сияқты қазақи мінездерді драма-
тург кейіпкерлердің əрекеттері мен пиғылдары арқылы көрсеткен.
Ə. Кекілбаевтің драмасындағы оқиға тізбектері көп жылдарды
қамтып, хроникалық тұрғыда беріледі. Абылай хан (1711-1781) -
өз уақытының ірі мемлекеттік қайраткері, реформатор, Ресей мен
Қытай ортасында жатқан қазақ хандығының тəуелсіздігін сақтау
үшін үлкен еңбек сіңірген, басқару ісінде жаңа ұстанымдарға
сүйенген тұлға. Пьесаға негіз болған
Абылайдың алғаш таққа
отыруы мен оны паналап келген Əмірсана тағдыры. Осы оқиғаның
төңірегінде хан тұқымдарының билікке таласы, хан өмірі мен
оның саяси жолы, арман-мақсаты, өкініш-наласы бейнеленген. Бір
жағынан Ресей қыспағы, екінші жағынан Қытай империясының
қазақ еліне көз алартуы, енді ғана тұйықталған Жоңғар жорығы,
осылардан сақтану, елді бірлікте ұстау, ағайынның
дау-дамайын
басу осының бəрі Абылай үшін ауыр жылдар еді.
Ханның алғаш аты шыққан кезі пьесаның прологі сияқты
да, қалған екі бөлімі оның тұтқынға түскен, одан таққа отырған
кезеңдері, осы екі желіде Абылайдың саяси мұраттастары мен
қарсыластарының бет-бейнесі айқындалады. Екі бөлім - екі кезең.
Соның астарында қазақтың іргелі ел болудағы ежелгі арманы
жатыр. Абылай өз халқы үшін зор еңбек атқарды, үлгермей,
тиянақтай алмай қалғандарын болашаққа аманаттады. Драмадағы
тартыс осыны меңзейді. Ə. Кекілбаевтің «Абылай хан» пьесасы –
қазақтың кешегісі арқылы бүгінін меңзейтін туындысы. Əйгілі
прозашының драматургия жанрын еркін игергеніне осы пьеса
мысал бола алады.
Ə. Кекілбаевтің осы идеялары операға да өзек болды.
Композитор Е. Рахмадиевтың “Абылай хан” атты операсының
либреттосын жазған да қаламгер Ə.Кекілбаев еді.
Драматург М. Байсеркеновтың «Абылай ханның ақырғы күн-
дері» пьесасында айналасы үш күннің ішінде өтетін оқиғада
сол замандағы аласапыран қоғамдық қайшылықтардың тарихи
болмысы ашылып, талай дүбірлі күндерді
басынан кешірген
Абылай сырқатының сыр беруі үлкен толғанысқа, ішкі күйзеліске
əкелгендігі шебер өрілген. Автор хан өмірінің осы бір көңіл-күйі
арқылы оның бүкіл ғұмырын, қазақ халқының тұтас бір кезеңін
127
қамтитын əлеуметтік өмірін, келер ұрпаққа арнаған аманатын
жеткізіп тұр. Оны алаңдататын – төніп келген ажал емес, артында
қалып бара жатқан жалпақ елінің тағдыры, соның бүгіні мен ертеңі.
Пьесадағы əрекет барлық оқиға мен ішкі тартыс желісі
Абылай мен Бұқар жырау арасында кейде монолог, кейде диалог
арқылы өрілген.
Жиырма жасында тəж киіп, бар ғұмырын билікпен өткізген
Абылайдың да төрт құбыласы тең емес екен. Ет пен сүйектен
жаралған пендеге тəн
арман мен мұң, сүйініш пен күйініш, іштей
мазалайтын көңіл-күй арпалысы оған да жат емес. Абылайды
алаңдататын меңдеген сырқат пен тақап қалған ажал емес,
артында қалып бара жатқан жалпақ елінің тағдыры, соның бүгіні
мен ертеңі.
Достарыңызбен бөлісу: