Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7



бет31/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   86
Байланысты:
китап

Жоспар:

  1. Нәрестенің қимыл-әрекеттері

  2. Нәрестенің зейіннің дамуы

  3. Нәресте есі

  4. Нәрестенің эмоциялық сезімі

Нәрестенің қимыл-әрекеттері

Бала қимылы өте күрделі. Осы кезеңде қол қимылдарының дамуы аса маңызды. Белгілі бір затқа бағытталған нәресте қолының қимылдары шамамен өмірінің төртінші айында қалыптаса бастайды. 5-6 айында бала затты тез ұстап алады, бұл көру қабілеті мен қозғалыс әрекеттерін күрделі түрде үйлестіруді қажет етеді. Осы сәттің әрі қарай дамуы үшін маңызы зор: ұстау - баланың алғашқы мақсатқа бағытталған әрекеті, заттармен әр түрлі әрекет жасауды меңгеруінің негізі болып табылады.

Екінші жарты жылдықта қол қимылдарына байланысты әрекеттер қарқынды түрде дамиды. Бала ұстап алған затын сілкілейді, тарсылдатады, лақтырып қайта алады, тістейді, қолдан-қолға ауыстырады және Жан Пиаже айналма реакция деп атаған бірыңғай қайталанушы әрекеттер тізбегі дамиды. 7 айдан кейін «өзара сәйкес» әрекеттер кездеседі: бала үлкен заттарға кішкентай заттарды салады, қораптарды ашып, жабатын болады. 10 айдан кейін алғашқы жүйелі әрекеттер, яғни үлкендердің әрекеттеріне еліктей отырып, заттарды қажеттілігіне байланысты дұрыс қолдану әрекеттері қалыптаса бастайды. Бала машинасын сүйрейді, барабанды соғады, аузына суы бар ыдысты жақындатады.

Қызығы, бұл жүйелі әрекеттер әлі заттық әрекетке айнала алмайды. Бұл үлкен адамның балаға көрсеткен обьектілерімен байланысты, мысалы, қуыршақты қалай тербету керектігі, т.б. Басқа заттарға әрекет жасау бұл кезеңде әлі байқалмайды.

Сондықтан бала бастапқы кезде өзі анасымен бірге ойнаған қуыршақты тербетеді, ал оған ұқсас басқа ойыншықтармен мұндай қимыл әрекет жасай алмайды. Соған қарамастан жыл соңында бала адамзаттың заттар әлемін тани бастайды және оларды дұрыс қолдануды игере бастайды. Әрекеттердің әр түрлілігі оны қоршаған объектілердің жаңа қырларын ашуға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға бейімделгенде ол «мынау не?» деп қана қоймай, «мұнымен не істеуге болады?» деген қызығушылықтар таныта бастайды.

Қабылдау және әрекет нәрестелік кезеңдегі көрнекі амалдық ойлаудың алғашқы негізін қалаушы баспалдақ. 1 жылдың ішінде бала шеше алатын танымдық әрекеттер, бастапқыда қабылдау, содан соң белсенді әрекет күрделене түседі. Жетістіктерге жету үшін бала көру және қателесу әдісімен әрекет етеді. Айтар болсақ, жастық астына қойылған ойыншықты іздеу кезінде, ол алдымен көзіне түскен жастықтың барлығын аудара бастайды.

Бірінші жылының соңында бала күрделі ойын әрекетіне ене бастайды. Бұл кейбір психологтарға шартты түрде болса нәрестелік кезеңде зат туралы ұғымның қалыптаса бастағандығы туралы ұғымның қалыптаса бастағандығы жөнінде айтуларына мүмкіндік береді.

Нәрестенің зейіннің дамуы

Бала туғаннан бастап бірден зейіні реакциядан көрінеді. Ол әсіресе бірден шыққан дабысқа, тым ашық түстен қашады. 1 айлық балада «бұл не?» рефлексі пайда болады. Егер бұндай рефлекс жануарларда болса, тек биологиялық функция түрінде болады. Бұл рефлекс балаға мәнді бөлуге, оны тануға, онымен қарым-қатынаста болуға мүмкіндік береді. Қарапайым зейінге бала өзінің анализаторларын тоқтатып қабылдай алады. Нәресте 2-3 аптадан кейін орташа дыбыс пен қатты дыбысты, қозғалысты байқайды. Нәресте туғанда әрине оған айтқанды түсінеді, тыңдайды. Нәресте бір айдың аяғында жай емес заттарға көңіл аударады. Нәресте 2-3 айдан кейін анасының белгілерін байқап, онымен қатынаста бола бастайды. Зейіннің дамуы затты ұғып, түсінуге мүмкіндік береді. Нәрестеге 6 ай болғанда тітіркену «бұл не?» «онымен не істеуге болады?» ауысады. Енді бала тек затты емес, оның сынын, оның әсерін реттейді және ол бір уақытта кей затқа зейінін шоғырландырады. Мысалы: шарды қорабқа салады, бір шарды екінші шарға ауыстырады. Нәрестелік зейінге дамушы ерекшеліктерін көрсетеміз.

Алғашында тұрақтылық тітіркендіргіш ретінде көрінеді.

Тұрақтылық жан-жақтағы қоршаған ортаға өзіндік эмоциясын қамтамасыз етеді, іс-әрекеттерден ерекшеліктерді, сонымен қатар іс- әрекетте өзіндік назардың қалыптасуына, төзімінің, іс-әрекеттің, қимыл формасының туындауына негізделеді.

Ерте балалық шақтағы зейін дамуы сөздерді ұғуға байланысты болады. Өзіндік әрекет баланың айналасындағыларға назар аударудан көрінеді, енді бала объектіні таңдап денені басқара бастайды.

Бала бір сөз, сөздер айтуға талпына бастайды. Бала өзіне таныс құбылыстарды немесе пәндерді: (сөздерді) «допты әкел, қасықты ал»

айта бастайды. Бала қысқа әңгімені аяғына дейін тыңдайды, оған ол әсер етеді. Бала өсе келе сөздің мән мағынасына назар аударады. Енді бала қысқа өлеңді, ертегіні, әнді тыңдап, оған зейін аударады. Олар мәнерлі сөзді, ым-ишараны үлкендердің айтқан әңгімелерінен байқайды. Басқарылған зейін қарапайым сөзді қабылдаудан көрінеді. Үлкендер оларды басқаруы мүмкін. Зейін сөзді орындау әрекетінен байқалады. Бала 8-10 мин. қызықты әрекетті орындайды. Ол қиын әрекетті зерттеуге зейінін бөледі. Егер үлкендердің сөзін естімей қалса, кейде жұмысты орындамайды. Ерте балалық шақтағы зейіннің дамуының ерекшелігін бөлеміз:



  • бала тұрақталған пән іс-әрекеттің айналымдағы ұлғаюы.

  • үлкендердің қиын емес құрылымдарын тұрақтылық арқылы орындау.

  • сөйлемде және сөйлегенде дұрыс жеткізе білу.

  • сөздіктің ықпалымен өзінің көңілін зейінінің дамуын реттейді

  • Баланың зейіні әлсіз тұрақталған, кейбір жағдайда қиындықтар бақылағанда тұрақсыз, бірақ оның көлемі көп емес.

Нәресте есі

Нәрестенің танымдық дамуы оның психикасында ес-зерденің аса қарапайым тетіктерінің қалыптасуынан кейін басталады. Алғашында тану пайда болады. Ерте нәрестелік кезеңде-ақ жаңа әсерлермен бұрынғы бейнелерді байланыстыра бастайды. Егер балаға жаңа қуыршақ берсек, ол біраз уақыт бойы оны қарайды, ал келесі күні қуыршақты тануы мүмкін. 3-4 айында ол үлкен адамның оған көрсеткен ойыншығын таниды. 4 айлық бала өзіне таныс затты таныс емес заттан ажырата алады.

Егер ашық түсті ойыншықты екі бірдей орамалдың бірінің астына тығып қойсақ, 8 айлық балалардың кейбіреулері ғана 1 секундтан кейін оның қайда жатқанын есіне түсіре алады. 1 жаста барлық балалар тығып қойған ойыншықты 1-3 секундтан кейін таба алады. Олардың көбісі 7 секундтан кейін де ойыншықтың қай орамалдың астында жасырынғандығын есіне түсіре алады. Мұндай жағдайда 8 айдан кейін зердесінде қайта жаңғырту, образды қалпына келтіру бала алдында ұқсас обьекті болмаса да қалыптасады.

Нәрестелік кезеңде танымдық үрдістермен қатар эмоциялық дамуды да бақылау қажет. Бұл жол баланың жақын үлкен адамдармен қарым-қатынас жасауымен байланысты дамиды.

Алғашқы 3-4 айда балаларда әр түрлі эмоциялық жағдайлар пайда болады: таң қалу, физикалық (дене) дискомфортын сезгенде алаңдаушылық (қимылдың көбеюі, жүрек соғысының жиілеуі, көзінің жұмылуы, жылау), қажеттілігін қанағаттандыру кезіндегі еркінсіну.

Бала анасын қөрген кезде танып, қуана бастаған кезде (нәрестелік шақ жас кезеңі ретінде осы кезеңнен басталады), ол басқа да жақын адамдарын көрген кезде күліп, танымайтын үлкен адамдарды көргенде жылайды. Егерде таныс емес адам өзінің жылы қатынасын білдіріп, баламен сөйлесіп, оған қарап күлсе, бала да оған күліп, қуанады, 7-8 айда таныс емес адамды көрген кездегі алаңдаушылық күшейе түседі. Әсіресе балалар таныс емес адаммен жеке қалып қоюдан қорқады. Мұндай жағдайда, теріс қарап, еңбектеп, жаңа көрген адамына көңіл бөлмеуге тырысады, ал кейбіреулері қатты жылайды.

Шамамен 7 және 11 ай аралығында анасы қалған кезде үрей немесе мұңаю (ол ұзақ уақытқа немесе бір жаққа белгілі бір уақытқа кеткенде), «қалып қою» қорқынышы пайда болады. «Қалып қою» қорқынышы өмірінің екінші жылында 15 немесе 18 ай аралығында асқынады, кейінірек біртіндеп әлсірейді.

Анасымен және басқа да жақын адамдарымен қарым-қатынас жасай отырып, нәресте бірінші жылының соңында тек қана эмоциялық қатынасқа түсіп қана қоймай, сонымен қатар әрекетке де ұмтыла бастайды. Ол анасының көмегімен оны қызықтырған қандай да бір затқа, шкаф немесе сөреге, құмыраға ұмтылады.

Бала белсенді пайдаланатын ым қимылдары қарым-қатынасты жеңілдетеді, алғысы келген затты, барғысы келген жерін көрсетеді және т.с.с.

Нәрестенің эмоциялық сезімі

Нәрестенің сезімінің дамуы күнделікті өмірде берілетін тәрбие жағдайының әсерінен басқа да психикалық үдерістермен қатар дамып отырады.

Жаңа туған балаларда тек қана шартсыз рефлекторлық сезім реакциялары, мысалы, кенеттен жағдайдың өзгеруіне байланысты қатты дыбыстан тепе-теңдігін жоғалтады, қатты қорқып кетсе қорғаныс рефлексі жылау түрінде көрінеді.

Денесінің қысылғанын, не ауырғанын сезсе, тербету тоқталса, бала аяқ-қолын қатты қозғалтып, долданып, қатты ашуланғанын білдіріп айғайлап жылайды. Осындай жағдайда тербетіп, жұбатып, сипалап үстінен қақсақ, балада жағымды эмоциялық көңіл-күй байқалады.

Ең алғаш сезімнің пайда болып көрінуі, баланың барлық органикалық қажеттіліктерімен қанағаттандырылуы дені сау, тамағы тоқ, төсек орны жайлы, киімі құрғақ, өзіне шақ болса бала сергек көңілді болады, жағымды эмоция туғызады. Ал, керісінше, ашықса, суыққа тоңса, қажеттіліктерімен қанағаттандырылмаса, жағымсыз эмоциялар байқалады. Неғұрлым мейірімді үнмен сөйлеп жақсы қарым-қатынас жасасақ көңілденеді, жағымсыз эмоция ащы дәрі ішкен кезде де байқалады.

Қоршаған ортамен қарым-қатынас кеңейіп, әрекетінің түрлері күрделенген сайын сезіміде қиындап күрделене түседі.

2-ші айдың аяғында 3-ші айдың басында жандану комплексі байқалады. Мұның пайда болу себебі, үлкендер баланы барлық қажеттіліктерімен қамтамасыз етіп, мейірімділікпен еркелетсе анық көрінеді. Мысалы, әдемі ашық түсті ойыншық сазды музыкалық әуен болады. Жағымды сезім тудырушы әсіресе өзінің ең жақын адамдары анасына деген сүйіспеншілік ықылас ниетінен сезімін жақсы көреді. Ол күлсе, күледі, бетін басып жыласа, қоса жылайды. Сондай-ақ айналасындағылардың талап тілектерін орындау негізінде де байқалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет