Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7


«Не өзгерді?» ойынының мақсаты



бет58/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   86
«Не өзгерді?» ойынының мақсаты - зейін мен ес үдерісін дамыту.

Стол үстіне ойыншықтар қойылады. Балаларға көздерін жұмғызып, ойыншықтардың орындарын өзгертіп қояды. Не өзгергені туралы жауап алынады. «Дыбысты тыңда» ойыны белсенді зейінді дамытуға бағытталып, 6-7 жасар балаларға арналады. Жүргізуші алдын-ала балалармен келісіп алады: күйсандықтың төменгі дыбысын шығаратын тілін басқанда, балалар «мәжнүн тал»; ал жоғары дыбыстар тілін басқанда «бәйтерек» болып тұра қалулары керек. «Мәжнүн тал» аяқтарының арасы сәл алшақ, иықпен деңгейлес, қолдары шынтақ тұсынан бүгіліп, сәл салбыраңқырап; ал басы сол жақ иығына қарай

қисайып тұрады. «Бәйтерек» бейнесінде аяқтарын бірге тік ұстап, қолдарын жоғары көтеріп, басты артына шалқайта, саусақтарының ұшына қарап тұрулары керек. Күйсандықтан шығар дыбыс сипатын бірден ажыратып, соған сәйкес қалыпты шатаспай ұстанулары - балалардың зейінділігімен қоса, әуенді есту қабілетін де жақсы дамытады .

«Не естіледі?» ойынының екі нұсқасы бар: бірі 5-6 жасарларға арналған; есік сыртында не болып жатқанын тыңдап есте сақтап, сосын әңгімелеп берулері талап етіледі. Екінші нұсқасы 6-7 жасарларға; жүргізуші белгісі бойынша балалар зейіні есіктен терезеге, терезеден есікке аударылып, сосын әр бала не байқағандарын әңгімелеп беруі шарт. Ойын зейінді шоғырландыра білу іскерлігін дамытуға негізделген.

«Төрт апат» ойынында 6-7 жасар балалар шеңбер құрып отырады. «Жер» сөзіне барлығы қолдарын төмен түсірулері тиіс, «су» сөзіне қолдарын алға созулары; «ауа» сөзіне қолдарын жоғар көтерулері, ал «от» сөзіне білек пен шынтақ буындарын айналдырулары керек. Ойын қызықты өтуі үшін жаңылысқандар мен жаңылыспағандарды атап өтіп, «жеңілді-жеңді» деп ресми бағалап отыру қажет. Түп нұсқада ойын шарты отырып орындалғанымен, бұл кимылдар түрегеліп тұрып жасалынса, маңызын жоймайды. Ойынның тағы бір тиімділігі - ол таңертеңгілік жаттығулар кезінде, дене тәрбиесі сабақтарында жөне сабақ арасындағы сергіту сәттерінде де пайдалануға болатындығы.


  1. тапсырма

Әдетте балалардың көпшілігі математикаға шорқақ келеді. Оның формулалары мен заңдарын естерінде сақтай алмайды. Бірақ сол балалар «Қайратта» ойнайтын футболшыларды немесе белгілі кино актерлерін мүдірмей айтып береді. Осы жайлардан есте сақтаудың қандай заңдылықтарын байқайсыз?

  1. тапсырма

6 жасар Жандосқа әпкесі мынадай тапсырма берді. «Төрт құс ұшып келіп ағашқа қонды, егер олар бұтақтарға бір-бірден отырса, онда бір құсқа орын жетпей қалады. Ал екі-екіден отырса, онда бір бұтақ артық қалады. Сонда ағашта қанша бұтақ болғаны? Есепті бірнеше қайталағанмен, Жандос шеше алмады. Сонда әпкесі қағаздан қиып 4 құс, 3 бұтақ жасады. Осылардың көмегімен Жандос есепті тез әрі дұрыс шығарды.

Бұл мысалдан мектеп жасына дейінгі баланың қандай ерекшелігі байқалады?



  1. тапсырма

Стол үсті ойындары. «Поезд». Мақсаты: танымдық белсенділікті қалыптастыру; логикалық ойлау мен қабілет деңгейін дамыту. Балаларға көлемі бірдей 10 суретті картина таратылып беріледі. Әр сурет поезд вагоны деп түсіндіріп, картина мазмұнына қарай вагондарды бір- бірімен байланыстыру ұсынылады.

ә) Жер шары бойынша сырттай саяхат жүргізеді. Тәрбиеші жер шарыдан Қазақстан т.б. мемлекеттерді көрсетеді. Баланың міндеті ол қандай жер, ол жердің халқына, ұлтына, тіршілігіне жеріне, өсімдік, жануарлар дүниесіне, табиғатына сипаттама беру керек.



  1. тапсырма

а) Аулада 6 жасар Ербол доп ойнап жүр еді, анасы терезеден:

  • Осы ойнағаның да жетер, енді үйге кел - деп айқайлады. Бала ойынын жалғыстырып жүгіре берді. Арада біраз уақыт өтті. Шешесі тағы да терезесін ашып, бұл жолы дауысын қатты көтеріп:

  • Ербол, қазір үйге кірмесең, тура жон теріңді сыпырамын - деді ашуланып. Ербол жайымен допты құрбыларына беріп, үйіне қайтты.

ә) Кітап оқып отырған қызына әкесі:

  • Әлия, қолыңды жу да асқа кел - деді. Қызы жауап бермеді. Әкесі біраз уақыттан соң қызын тағы шақырды.

  • Естисің бе, Әлия, түскі ас ішетін уақыт болды ғой -деді.

Қызы ұйқысынан оянғандай:

  • Ау, о не? - деп сұрады.

  • Түскі ас ішетін уақыт болды ғой! Әлия кітаптан көзін алмай:

  • Жақсы, қазір,- деді. Әкесі тағы да:

  • Әлия, мен кімге айтып отырмын,- деп реніш білдірді. Оған қызы:

  • Мен сізге қазір барамын дедім ғой, - деп ашулы кейіппен жауап берді.

Ол қайтадан кітапқа үңілді. Әкесі соңғы рет:

  • Әлия, мен саған неше рет қайталаймын - дегенде барып, ол бедірейген

күйі дастарқан басына келіп отырды.

Сұрақ: Мысалдардағы сөз арқылы әсер етудің кемшілігі неде?

Айтылған сөз балаға қандай жағдайда әсерлі болады?



  1. тапсырма

Тәрбиеші егіз туған Айман мен Шолпанға зерттеу жүргізді. Олардың елеулі тіл кемістіктері бар. Сөздік қорлары шамалы. Отбасында екеуі көбіне бірге болады. Зерттеу барысында тәрбиеші екеуін екі топқа

бөліп жіберіп, қайта бақылағанда, екеуінің де сөздік қоры молайғанын байқайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет