Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7


Бақылау сұрақтары және тапсырмалар



бет61/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   86
Байланысты:
китап

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:

  1. Қыңырлықтың пайда болу себептерін атаңыз?

  2. Қыңырлық пен еркелікті байқаған жерде тәрбиеші қандай шаралар қолдануы қажет?

  3. Еркелікті жоюдың жолдары

  4. Баланың бойына ізгілік қасиеттерді қалыптастырудың жолдарын атаңыз?

  5. Профессор Н. Д. Левитов бойынша қыңырлықтың психологиялық ерекшеліктерін байқататын белгілерін атап көрсетіңіз.

  6. Мектепке дейінгі балалық шақта бала сезімінің сыртқы белгілеріндегі өзгерістерді атаңыз?

  7. Мектеп жасына дейінгі балалардың сезімінің дамуы

  8. Мектеп жасына дейінгі балалардың ерік өрісінің дамуы

  1. тапсырма

4 жасар Нұрсұлу болмашы нәрсеге ренжіп, жылай салады. Орындық жетпей қалса, қашан орындық әкелгенше күтіп тұрады. Бәтеңкесінің бауын байлай алмаса да аяғын көрсетіп, көмек күтіп тұрады.

Сұрақ: Нұрсұлудың кінәмшіл, икемсіз болуының негізгі себебін түсіндіріңіз. Баланың еркін қалай қалыптастыруға болады?

  1. тапсырма

Бақшадағы ата-аналар жиналысында 5 жасар Бақытжанның әкесі балалық шағынан естелік айтып берді.

«Бірде әкеммен бірге орман ішінен келе жаттым. Күн батып, қараңғы түскен кезде бойымды үрей билеп, әкемнің қолынан ұстауға тырыстым. Менің қобалжуымды сезген әкем сынайын деген болу керек:

- «Сен, осы сүрлеумен тарта бер, ал мен мына соқпаққа түсейін,

екі жол біраздан соң қосылады. Іздеген жоғымыз не саған, не маған, мүмкін кездесіп қалар, ал кеттік, жолыққанша» - деді де, өзі айырық соқпаққа түсіп, кете барды. Менде қорқыныш пайда болды, бірақ өзімді батылырақ сезінуге тырысып, ілгері жүріп кеттім. Бұталардың арасынан бірдеңе сыбыр етті, бірақ мен алға қарай нық басып жүре бердім. Расында, біраздан кейін жол қосылысында алдымнан күтіп тұрған әкеме кездестім.

Мен де өз ұлымды осылай тәрбиелеп келемін.

Сұрақ: Бақытжанның әкесі оның бойына қандай ерік сапаларын қалыптастырып тәрбиелеген?


  1. тапсырма

6 жасар Жасұлан кішкентай қыздың мойын орағышын орауға көмектесті. «Ол сенің қарындасың ба?» деген сұраққа: «Жоқ» деп жауап берді. «Ол әлі кішкентай ғой, сондықтан оларға көмектесу керек» - деді.

Сұрақ: Жасұланда сезімнің қандай түрі байқалады?

  1. тапсырма

Кейбір балалар қараңғыдан, ордан секіруден, тіптен тіпті тышқаннан да қорқады.

Сұрақ: Неліктен балаларда қорқыныш пайда болады? Осы жағдайға психологиялық түсінік беріңіз.

  1. тапсырма

а) Мектеп жасына дейінгі балаларда өзгелерге деген жанашырлық қай кезде және қандай түрде байқалады?

ә) Мектеп жасына дейінгі балаларда сезімнің қандай түрлері байқалады? Белгілі бір сезімнен баланы арылтудың әдіс-тәсілдері қандай?

б) Баланың бойында сезімнің қандай түрлері жиі кездеседі? Кейбір баланың сезімі тым жиі өзгереді. Оның себебі неде?

Тест сұрақтары:



  1. Еркелікті жоюдың жолы

  1. үйде де, бақшада да баланың айтқанын істеуді қою керек, жылайды екен деп айтқанын істей беруге болмайды.

  2. отбасындағы тәрбие бағытын түзеу керек.

  3. сабақ үстінде қадағалау керек

Д) қарым-қатынасты жақсарту керек

Е) еркелету керек



  1. Баланың қыңыр болуының негізгі себебі неде?

  1. қыңырлық ешқандай тыйым көрмеген еркеліктен, өзімшілдіктен, ұжымнан шеттеуден, дербестігін жоғалтқаннан, өз бетімен еңбек ете алмаудан.

  2. ересек адамның балаға орынсыз ұрсып, шектен тыс жәбірлеуінен

  3. тәрбиеленушілердің қатаң талап қоюынан, үгіттеуінен, бір сөзді болмай орынсыз мақтай беруінен

Д) бала тілегін қайтармай құры мәпелей беру, іс-әрекетті дұрыс ұйымдастырып отырмаушылықтан

Е) барлық жауап дұрыс



  1. Өзінің жауапкершілігін сезіну, өзімшілдікпен күресудің ең жақсы жолы:

  1. ұжыммен тапсырманы орындатуда

  2. жеке ойнатуда

  3. ерте ұйықтатуда

Д) ертегі тыңдауға үйретуде

Е) оқуға үйретуде



  1. Мектеп жасына дейінгі балаларда әлі де болса кездесетін жаман әдет:

  1. бақырып жылау

  2. күлу

  3. тыңдамау

Д) дағдарыс

Е) қуану


  1. Баланың мінез-құлқындағы кемшіліктерді жою жолдары

  1. Баланың ерік, қайратын тәрбиелеуде бірыңғай дұрыс жоспарланған жарасымды іс-шараларды қолдану

  2. Баланың ерік, қайратын тәрбиелеуде жоспарланбаған іс- шараларды қолдану

  3. Баланың ерік, қайратын тәрбиелеуде тыңғылықты іс-шараларды қолдану

Д) Баланың ерік, қайратын тәрбиелеуде ұрып-соғу әдісін қолдану

Е) Баланың ерік, қайратын тәрбиелеуде алдап-арбау амалын қолдану



  1. Ерік кемшіліктерінің ішіндегі балаларда көп кездесетіні

А) қыңырлық

  1. қулық

  2. айлакерлік

Д) қырсықтық

Е) сыпайылық



  1. Қыңырлықтың психологиялық ерекшеліктерін байқататын белгілерін атап көрсеткен ғалым:

  1. Н. Д. Левитов

  2. Л. С. Выготский

  3. В. В. Давыдов

Д) Д. Б. Эльконин

Е) С.Л. Рубинштейн



  1. Профессор Н. Д. Левитов қыңырлықтың психологиялық ерекшеліктерін байқататын белгілерін атаңыз

  1. қалай да өзінің айтқанын істегісі келушілік

  2. баланың жаңа пікірді ұға алмайтын ойының тарлығы

  3. басқа адамға талап қойғыш,

Д) өзінің айтқан талап-тіліктерін мойындататындығы.

Е) барлық жауап дұрыс



  1. Қыңырлықтың бала психологиясына жағымсыз ықпалы

  1. Ерке, өзімшіл болады

  2. ұжымнан шет қалады

  3. дербестігі жойылады

Д) өз бетімен еңбек ете алмайды

Е) барлық жауап дұрыс



  1. Баланың ырықты қозғалыстар жасауға үйрене бастауы, яғни өз қозғалысын денесін басқара алуынан басталатын психикалық күй:

  1. ерік

  2. ес

  3. ойлау

Д) қиял

Е) түйсік



  1. тарау. Баланы мектепке психологиялық даярлаудың
    ерекшеліктері


  1. Баланы мектепке психологиялық даярлаудың теориялық
    мәселелері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет