Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45



Pdf көрінісі
бет22/167
Дата06.01.2022
өлшемі3,69 Mb.
#15676
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   167
Байланысты:
mendebaev-sapany

Сапаны басқарудағы шешім қабылдау әдісі
Сапаны  басқарудағы  шешім  қабылдау  әдісінің  маңызды  бір  жағы 
іс-әрекеттің  альтернативті  жақтарын  таңдау.  Қалаулылықтың  әртүрлі 
деңгейімен  сипатталынатын  кейбір  мақсаттар  іс-әрекеттің  әртүрлі 
альтернативті жағын таңдау арқылы қол жеткізілетіндігіне сүйене оты-
рып шешім қабылдау. Іс-әрекеттің нақты бір жағы сәттілікке жетудің 
азырақ ықтималдығына ие. Сосын шығындар кестесі құрылады. Әрбір 
берілген  «іс-әрекет  қыры  –  сыртқы  жағдайлар»  комбинациясы  үшін 
анықталған  шығындар  болады.  Шығындар  қаржылай  болуы  мүмкін, 
алайда  шығындарға  өзге  де  басқа  факторлар  жатқызылады,  мысалы: 
уақыт,  абырой,  қайта  қалпына  келтірілмейтін  ресурстарды  жоғалту 
және  т.с.с.  Бұл  факторлардың  барлығы  пайдалылық  көрсеткішімен 
өлшенеді. Шығын деп барлық құндылықтар бір ғана шкалаға келтірілген 
жалпылама шығын немесе ұтыстарды айтуымызға болады. 
Егер  пайдалылық  табиғи  әдіспен  шығынға  емес  ұтысқа  алып 
келетін болса, онда әрбір ұтыс мәнінен ең жоғарғы ұтыс мәнін ала оты-
рып ұтысты шығынға айналдыруға болады. Осылайша барлық элемент-
тер теріс болады немесе нөлге тең болады. Теріс ұтыс ол шығынға тең 
болғандықтан, минус таңбасын алып тастай отырып, шығындар кестесін 
құрай аламыз. Әртүрлі шығындардың ықтималдылығы әртүрлі болған 
жағдайда мәселе қиындатылуы мүмкін. Мысалы, а альтернативасыны 
Q
2
 шартымен және Р
1
 ықтималдығымен таңдай отырып L
1
 шығынына, 
ал Р

ықтималдықты таңдай отырып L
2
 шығынына қол жеткізуге бола-
ды.
Әрбір  мүмкін  әрекет  қырын  таңдай  отырып,  шығындардың 
математикалық  күтімін  есептеуге  болады.  Математикалық  күтімді 
шешім  қабылдау  критериі  ретінде  қабылдайды.  Бұл  критерийге  мәні 
бойынша жақын минимакс. Минимакс критерийі үлкен шығындар болу 
ықтималдығын нөлге келтіретін стратегияны таңдауды талап етеді. 
Шешім  қабылдау  теориясында  екі  критерийде  субъективті 
таңдалады. 
Қарастырылып  отырған  нақты  жағдайларға  байланысты  шешім 
қабылдау  үдерісінің  әртүрлі  нұсқалары  болуы  мүмкін.  Стратегия-


38
лар  тізіліп  баяндалып  болғаннан  кейін  әртүрлі  альтернативалардың 
ықтималдығын  және  әртүрлі  стратегиялардың  орташа  шығындарын 
бөледі.  Ең  жақсы  стратегияны  таңдағаннан  кейін  минимакс  әдісін 
тікелей  қолдануға  болады.  Кездейсоқтыққа  негізделген  стратегияны 
алуға да болады. 
Пайдалылық әдісі
Пайдалылық  идеясы  –  пайдалылық  функциясы  бойынша  ортақ 
шкала  тұрғызылатындығында.  Бұл  шкаладан  белгілі  бір  оқиғаға  не-
месе  бастамаға  жауап  беруші  нүктені  табуға  болады.  Пайдалылық 
әдісі  кез  келген  мүмкін  оқиғаға  сәйкес  сан  болып,  ол  сан  оның 
пайдалылығын көрсете алады деген идеядан туындайды. Пайдалылық 
шкаласы жеке артықшылықтарға негізделеді. Осы әдісті қолдану шешім 
қабылдаудың  әртүрлі  мағыналық  мәндерімен  және  оның  орындалуы-
мен күрделенеді. 
Пайдалану функциясының интенсивтілігінің өзгерісін кәсіпорынды 
басқарудың  экономикалық  тиімділігінің  критерийі  ретінде  қабыл-
дайды.
Басқарудағы ойындар теориясының әдісі
Шешім  қабылдау  теориясы  мен  ойындар  теориясы  бір-бірімен 
тығыз байланысқан, алайда олардың арасыныда үлкен айырмашылық 
бар.  Шешім  қабылдау  теориясында  сыртқы  жағдайлар  есепке  алы-
нады,  оларды  білу  міндетті  түрде  толық  әрі  өзгеріссіз  болуы  шарт 
емес.  Шешім  қабылдауға  байланысты  жағдайда  шешім  қабылдаушы 
басшылық  қандай  да  біртұтас  стратегияны  ұстанады,  сонымен  қатар 
стратегияны таңдау бұл жағдайларға ешқандай да әсер етпейді. Ойын-
дар  теориясында  қандай  да  бір  өзге  стратегияны  қолдайтын  саналы 
қарсылас қарастырылады.
Ойындар  теориясы  бұл  –  математика  бөлімі.  Ойындар  теориясын 
басқарудың  тәжірибелік  тапсырмалар  класы  негізінен  нөлдік  сумма-
дағы екі тұлға арасында ойыннан тұрады. Өзіндік ойлары бар және осы 
ойларына  сәйкес  іс-әрекеттер  таңдау  мүмкіндігі  бар  бірнеше  жақтар 
арасында боуы мүмкін дауда оңтайлы шешім қабылдаудың формалды 
моделін қарастырады. 
Дау  жағдайында  қарсыластың  өз  әрекетін  жасыруға  тыры-
суы  анықталмағандықты  тудырады.  Шешім  қабылдау  кезінде 
анықталмағандықты 
шешім 
қабылдаушы 
субъектінің 
дауы 
ретінде  түсіндіруге  болады.  Сол  себептен  де  ойындар  теориясы 
анықталмағандық  жағдайындағы  оңтайлы  шешім  қабылдау  теория-
сы ретінде қарастырылады. Ол басаруда, жобалауда және болжаудағы 
шешім  қабылдаудың  кейбір  маңызды  аспектілерін  математикаланды-
руға мүмкіндік береді. 


39
Ойындар  теориясының  математикалық  негізінің  бастысы  дау  жа-
йында  формалданған  көрнекілік  ретінде  ойынды  түсіну  жатады.  Дау 
ойын ретінде сипаттауда бұл дауға кім және қалай қатысады, қандай 
қызығушылықтар  бар  екендігі  жайлы  нақты  сипатталады.  Дауға 
қатысушы  жақтар  әрекеттер  одағы  деп  аталады;  оларға  қолжетімді 
әрекет  –  стратегия;  даудың  мүмкін  нәтижесі  –  оқиға;  даудың 
нәтижесімен қызығатын жақтар – қызығушықлық одақ; олардың қызы-
ғушылықтары  осы  немесе  өзге  оқиғаның  артықшылықтарымен  си-
патталады.  Тізбектелінген  объектілердің  нақтылануы  және  олардың 
арасындағы байланыстан әртүрлі жеке ойын кластары пайда болады. 
Егер ойында жалғыз ғана әрекеттер одағы бар болатын болса, онда 
бұл  одақ  стратегиясын  оқиғалармен  жауып  тастап,  стратегия  туралы 
еске алмай-ақ қойса да болады. Бұндай ойындарды стратегиялық емес 
деп  атайды.  Стратегиялық  ойындардың  маңызды  класын  әрекеттер 
одағы қызығушылықтар одағымен сәйкес келетін, ал ойыншылар үшін 
артықшылық  ұтыс  функциясымен  сипатталатын  одақсыз  ойындар 
құрайды.
Егер  одақсыз  ойында  екі  ойыншы  қатысса,  онда  олардың  ұту 
функцияларының  мәні  кез  келген  жағдайда  тек  белгілермен  ғана 
ерекшеленеді, ал ойын антагонистикалық деп аталады; бұл жерде бір 
ойыншының ұтысы екінші ойыншының жеңілісіне тең болады. 
Егер  антогонистік  ойында  екі  ойыншының  да  стратегиялары  көп 
болса, онда ойын қалыптамалық деп аталады. 
Ойын теориясы нормативті болып табылады, яғни зерттеу объектісі 
тек қана дау модельдері ғана емес, ойында қабылданатын оңтайлылық 
принципінің  мазмұны,  осы  принциптер  жүзеге  асатын  оқиғалардың 
болуы,  және  ақырында  осындай  жағдайларды  табу  тәсілдері  болады. 
Ойындар теориясында қарастырылатын объектілері – ойындары әртүрлі, 
осыған  дейін  кластарға  ортақ  оңтайлылық  принципін  ойлап  тапқан 
жоқ. Тәжірибелік түрде бұл барлық ойындар класы үшін оңтайлылық 
түсінігі  әлі  таңдалынбағандығын  білдіреді.  Одақсыз  ойындарда 
оңтайлылықтың негізгі принципі болып, тепе-теңдік жағдайына алып 
келтіретін мақсаттың іске асырылу принципі саналады. Бұл жағдай келесі 
қасиеттермен сипатталады: тепе-теңдік жағдайынан шығып кеткен кез 
келген  ойыншы  осы  қылығымен  өз  ұтысын  көбейте  алмайтындығын 
білдіреді.  Антогонистік  ойындардың  жеке  жағдайларында  мақсаттың 
іске асырылуы минимакс принципіне айналады. 
Антогонистикалық  ойындардың  кейбір  кластарының  фактілік 
шешімдері дифференциалдық және интегралдық теңдеулердің шешімін 
табуға алып келеді, ал матрицалық ойындарда – сызықтық бағдарлаудың 
стандартты тапсырмаларына айналады. Ойын шешімінің сандық және 
жуықталынған  шешім  шығару  әдістері  жобаланады.  Көптеген  ойын-


40
дар үшін аралас стратегялар оңтайлы болып табылады, яғни кездейсоқ 
таңдалынатын стратегиялар. 
Экономикалық,  кибернетикалық,  техникалық  және  ұйымдастыру 
шараларын  математикалық  шешу  үшін  арналған  ойындар  теориясы 
математикалық пәндер теориясының классикалық математикалық тео-
рияларына келтірулері мүмкін. Онда жүйелік түрде ықтималдылық тео-
риясы, математикалық статистика, зерттеу аппаратының математикалық 
операциялары  қолданылады.  Ойындар  теориясы  экономикада  кибер-
нетикада  әскери  істе  қолданылады.  Тәжірибелік  қолданыстың  негізгі 
қиындықтары  ол  арқылы  модельденетін  іс-әрекеттердің  әлеуметтік 
және  экономикалық  табиғатымен  және  осындай  модельдерді  сандық 
деңгейде көрсетудің толық меңгерілмегендігіне байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет