189
тация кезінде көп бұйымдар өздерінің бастапқы қасиеттерін жоғалтады,
құрылымның негізгі элементтерінің беріктігі азаяды, металдық эле-
менттер коррозияға ұшырайды, киімдер пішінін жоғалтады.
Өнімнен басқа да сансыз өзгерістер болады, ол оның техникалық
күйін нашарлатады. Практикалық істерде техникалық күйін жоғалту
үдерісін зерттейді, ол өзгерістерді өлшейді және бағалайды. Физикалық
тозу үдерісін бәсеңдету үшін жағымды пайдалану мерзімдерін орнатады,
техникалық қызмет және ағымды жөндеу бойынша профилактикалық
жұмыстарын қолданады.
Егер нашарлау шектен тыс ауытқудан асса, онда капиталды жөндеу
жүргізіледі.
Физикалық тозумен қатар өнім моралды түрде ескіреді. Моралды
ескіру – өнімнің орнатылған талап шектерінде оның көрсеткіштерінің
абсолют мәндерінің сақталуы кезінде сапасын жоғалту үдерісі.
Моралды ескіру өнімнің барлық түрін қамтиды. Бұл экономикалық
заң ғылыми-техникалық прогреспен тығыз байланысты.
Өнім сапасының орнықсыздығы, өзгерісі сапаның нашар-
лауы екі негізгі үдерістері әсерінен ғана туындамайды. Сапаның
орнықсыздығының өндіріс үдерісінде көп мысалдары бар: дайын-
далуы кезінде оның параметрлері өндірістік себептері әсерінен
берілген технологиялық нормаларға салынбайды. Өнім сапасының
орнықсыздығы өндіру үдерісінің сапасына өндіру жабдығының сапа-
сына, еңбек сапасына байланысты.
Өнім сапасы орнықсыз объекті болып саналады, ол берілген
деңгей, берілген параметрлерден ауытқуға ұмтылады. Өнімнің сапасы
басқарудың жалпы теориясының екі бастапқы шартына жауап береді
және сондықтан басқарудың обьектісі боп қызмет көрсете алады.
Прогрестің ғылыми техникалық шарттарында, өнім сапасы (маши-
на жасау бұйымдары) жоғары сатыда олардың техникалық деңгейлері
арқылы шығады.
Өндіріс үдерісінің сапасы
Достарыңызбен бөлісу: