Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет207/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

ЖЕТІНШІ ТАРАУ.
АДАМ ТАБИҒАТЫ
Адам – Тəңірдің жердегі уəкілі
(Мұхаммед ғ.с.) сол уақытта Раббың періштелерге: «Əрине, мен 
жерде бір орынбасар жаратамын!» – деген еді. (Періштелер): «Онда 
бұзақылық істеп, қан төгетін біреуді жаратасың ба? Негізінен, біз Сені 
дəріптеп,  мақтау  мен  пəктаудамыз», – деді.  Алла: «Мен  сендердің 
білмегендеріңді жақсы білемін!» – деді. (Алла Адамды топырақтан 
жаратып  оған  жан  салды.  Алла  Адамға  (ғ.с.)  біртұтас  атауларды 
үйретті де, сонан соң оларды періштелерге көрсетіп: «Айтқандарың 
рас  болса,  Маған  осы  нəрселердің  аттарын  айтып  беріңдер», –
деді.  Періштелер: «Сен  пəксің!  Біздің  Сенің  үйреткеніңнен  басқа 
білеріміз  жоқ.  Əрине,  Сен  толық  білуші,  өте  данасың», – деді. 
(Алла): «Ей, Адам! Оларға бұлардың аттарын баян ет», – деді. Сонда 
(Адам ғ.с.) оларға ол заттардың аттарын айтқан сəтте, Алла: «Мен 
сендерге көктер мен жердің құпиясын, сендердің де көрнеу, көмес 
істегендеріңді білемін деп айтпадым ба?» – деді. 
(Бақара сүресі, 30-33)
Расында,  сендерді  жаратып  сонан  кейін  бейнеледік.  Сонан  соң 
періштелерге: «Адамға  сəжде  қылыңдар!» – дедік.  Барлығы  сəжде 
етті. Бірақ, Ібіліс сəжде етпеді де, сəжде етушілерден де болмады. 
(Алла Ібіліске): «Саған Мен əмір еткенде, сені сəжде етуден не тый-
ды?» – деді.  Ол: «Мен  одан  артықпын.  Мені  оттан  жаратып,  оны 
балшықтан жараттың», – деді.  (Алла): «Онда ол жерден түс. Онда 
сенің менменсуіңе болмайды. Дереу шық, қор болушылардансың», –
деді. (Ібіліс): «Қайта тірілетін күнге дейін мұрса бер», – деді. (Алла): 
«Шынында,  мұрса  берілгендерденсің», – деді. (Ібіліс): «Ендеше, 
мені  қаңғыртқаның  себепті,  əлбетте,  мен  де  оларға  қарсы  Сенің 
тура жолыңда отырып аламын», – деді. «Сонан соң оларға алды-ар-
тынан,  оң-солынан  келемін  де,  олардың  көбін  шүкір  етушілерден 
таппайсың», – деді.  (Алла): «Қорланып  қуылған  түрде  ол  жерден 
шық. Əрине, олардан кім саған ілессе, сендердің барлықтарыңмен 
тозақты толтырамын», – деді. (Алла): «Ей, Адам! Сен жəне жұбайың 
жəннатқа  орналас.  Екеуің  қалағандарыңша  жеңдер.  Алайда,  осы 
ағашқа жоламаңдар. Сонда залымдардан боласыңдар», – деді.  Сон-


205
 
да шайтан ол екеуінің ұятты жерлерінің ашылуы үшін азғырды да: 
«Раббыларың  сендерді  осы  ағаштан  екеуің  періште  болып  кетеді 
немесе  мəңгі  қалып  қояды  деп  қана  тыйған», – деді.  Жəне: «Шы-
нында,  мен  екеуіңді  үгіттеушілерденмін», – деп  ант  ішті.  Сөйтіп, 
екеуін алдап түсірді. Сонда екеуі ағаштан татқан сəтте ұятты жерлері 
ашылып кетті. Екеуі жəннат жапырақтарынан үстеріне жапсыра ба-
стады.  Раббылары  екеуіне: «Екеулеріңді  осы  ағаштан  тыймап  па 
едім?  Расында,  шайтан  сендерге  ашық  дұшпан  демеп  пе  едім?» –
деп  дабыстады. (Адам  ата  мен  Хауа  ана): «Раббымыз,  біз  өзімізге 
кесір істедік. Егер Сен бізді жарылқап, мəрхамет етпесең, əлбетте, 
зиян етушілерден боламыз», – деді. (Алла): «(Жəннаттан) бір-біріңе 
дұшпан  болып  түсіңдер.  Сендерге  жер  жүзінде  бір  мерзімге  дейін 
тұрақ  жəне  пайдалану  бар», – деді. «Ол  жерде  тіршілік  етесіңдер 
де, ол жерде өлесіңдер. Жəне ол жерден қайта шығарыласыңдар», – 
деді. Ей, адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім жəне сəндік 
бұйым түсірдік (жараттық). Негізінде, тақуалық  киімі  жақсы. Солар 
Алланың  белгілері. Əрине, түсінерсіңдер. 
(Ағраф сүресі, 11-26)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет