Медицина жəне шипа Айюб та (ғ.с.) Раббына: «Маған бір бəле келді. Сен мəрхамет
етушілердің абзалысың», – деп жалбарынды. Сонда тілегін
қабыл етіп, өзіндегі науқасты айықтырып, сондай-ақ құлшылық
қылушыларға ғибрат үшін өзіне семьясын жəне олармен бірге бір
есе артық мəрхамет етіп бердік. (Алла сынамаққа балаларын, мал-
мүлкін алып, құрт ауру берсе де, қабақ шытпай сабыр еткендіктен;
науқасынан айықтырып, бұрынғыдан екі есе əулет, дəулет береді).
(Əнбия, 83-84) Ол мені жаратқан, маған тура жол көрсетеді. Ол маған жегізеді
де, ішкізеді. Ол қашан ауырсам, маған шипа береді.
(Шұғара, 78-80) Бал шипасы (Мұхаммед ғ.с.) Раббың араға: «Таулардан, ағаштардан жəне
лапастардан ұялар жасап ал!» – деп нұсқады. Сонан соң əртүрлі
өсімдіктен же де, Раббыңның қолайластырған жолына түс! Араның
қарындарынан түрлі-түсті бал шығады. Онда адам баласы үшін
шипа бар. Шынында, мұнда да ойлайтын қауым үшін ғибрат бар.
(Нахыл, 68-69