223
Əрине, сендерді қауіп-қатер, ашаршылық жəне малдардан, жан-
дардан сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз, (Мұхаммед
ғ.с. сондай жағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр!
(Бақара сүресі, 155)
(Мұсылмандар!) Сендерге бұрыңғы өткендердің басына кел-
ген сияқты (жағдай) келмей жəннатқа кірулеріңді ойладыңдар ма?
Оларға ашаршылық, ауру-науқас келді. Сондай-ақ пайғамбар жəне
онымен бірге иман келтіргендер: «Бізге Алланың жəрдемі қашан
болар екен?» – дегенге дейін (қиыншылықта) тербетілді. Естеріңде
болсын! Негізінен, Алланың жəрдемі жақын.
(Бақара сүресі, 214)
Біз адам баласының қайсысы жақсы амал істейді деп сынау үшін
жер үстіндегі нəрселерді жердің көркі қылдық.
(Кəһф сүресі, 7)
Шын мəнінде, Біз адам баласын біріккен тамшыдан жараттық.
Оны сынаймыз. Сондықтан оны еститін, көретін қылдық.
(Инсан сүресі, 2)
Ол сондай Алла, ізгі іс жүзінде қайсыларың жақсы, сынау үшін
өлім мен тіршілікті жаратқан. Ол – тым Үстем, аса Жарылқаушы.
(Мүлік сүресі, 2)
Достарыңызбен бөлісу: