Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет241/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

ОН БІРІНШІ ТАРАУ
ҚҰРАНДА АТАЛАТЫН ТҰЛҒАЛАР  МЕН ҚАУЫМДАР
Исраилұлдары (яһудилер)
Бір заманда, Израил ұрпақтарынан: «Алладан басқаға құлшылық 
қылмаңдар,  əке-шешеге  жақсылық    істеңдер,  жақындарға,  жетім-
дерге,  міскіндерге  қамқорлық  жасаңдар,  адамдарға  көркем  сөз 
сөйлеңдер,  намазды  толық  орындаңдар  жəне  зекет  беріңдер»  деп 
ант  алған  едік.  Содан  кейін  бет  бұрдыңдар.  Сендерден  аз-ақ  адам 
қалды.  Өйткені  сендер  ежелден  бет  бұрушысыңдар. (Сендер  үшін 
шындықтан  бет  бұру  қиын  емес.) (Ей,  яһудилер!)  бір  заманда: 
«Бір-біріңнің  қандарыңды  төкпеңдер,  өз-өздеріңді  жұрттарыңнан 
шығармаңдар»  деп,  уəде  алған  едік.  Сөйтіп,  мақұлдап  куə  болған 
едіңдер.  Содан  кейін  өздеріңді  өлтіресіңдер,  бір  бөлімдеріңді 
жұрттарыңнан  шығарасыңдар  əрі  оларға  қарсы  жауыздық,  дұш-
пандыққа өзара көмектесесіңдер. Егер олар сендерге тұтқын болып 
келсе, оларға бодау беріп құтқарасыңдар. Негізінен, сендерге олар-
ды  жұрттарынан  шығаруға  тыйым  салынған. (Алла  олардан  бір-
бірін  өлтірмеуге,  жұрттарынан  шығармауға,  қастандық  істемеуге, 
тұтқынға  түссе,  төлеу  беріп  құтқаруға  уəде  алады.  Бірақ,  олар 
соңғысын ғана орындамақ болады.) Сендер Кітаптың кейіне сеніп, 
кейіне  қарсы  келесіңдер  ме?  Сендерден  кім  мұндай  істесе,  əрине, 
олардың жазасы дүние тіршілінде қорлық əрі Қиямет күнінде қатты 
қинауға  қайтарылады  (салынады).  Жəне  Алла  істеген  істеріңнен 
ғапыл  емес.  Осындай  ақыретті беріп, дүние тіршілігін  айырбастап 
алғандар, олардан азап жеңілдетілмейді де, оларға көмек те болмай-
ды.
(Бақара сүресі, 83-86)
Жəне яһудилерге барлық тырнақты хайуанды арам қылдық. Əрі 
оларға сиыр, қойдың майларын да арам қылдық. Бірақ қыртыс май-
лары мен шажырқай жəне жілік майларын  арам  қылмадық. Осы-
лайша, олардың шектен шығулары себепті жазаландырдық. Расын-
да, турасын  айтушымыз.
(Əнғам сүресі, 146)


240
Христиандар
Жəне «Христианбыз» дегендерден де серт алған едік. Дегенмен, 
олар  да  берілген  үгіттен  үлестерін  ұмытты.  Сондықтан  араларына 
Қиямет күніне дейін дұшпандық, өштік салдық. Жəне Алла оларға 
не істегендерінің хабарын тез береді.
(Мəидə сүресі, 14)
Яһудилер  мен  христиандар: «Біздер  Алланың  ұлдары  жəне 
сүйгендеріміз», – деді. Оларға айт: «Онда Алла күнəларың себепті 
сендерді  неге  азаптайды?  Керісінше,  сендер  Алланың  жаратқан 
адамдарысыңдар».  Алла  қалаған  кісісін  жаратып  жəне  қалаған 
кісісін азаптайды. Көктердің жəне жердің əрі екі арасындағылардың 
барлығы Алланың иелігінде жəне барар жері де Оның  алды. 
(Мəидə сүресі, 18)
Негізінен, Аллаға сенгендер, яһудилер, сабийлер жəне христиан-
дардан кім Аллаға, ақырет күніне иман келтіріп, ізгі іс істесе, сонда 
оларға қорқу да жоқ əрі қайғырмайды.
(Мəидə сүресі, 69)
Сабийлер
Негізінен, Аллаға сенгендер, яһудилер, сабийлер жəне христиан-
дардан кім Аллаға, ақырет күніне иман келтіріп, ізгі іс істесе, сонда 
оларға  қорқу да жоқ əрі қайғырмайды. 
(Мəидə сүресі, 69)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет