252
Олар тікенсіз сидр (ағаштары). Жемістері үсті-үстіне шоғырлан-
ған банан ағаштарының, созылған көлеңкенің астында болады.
Сарқырап аққан су бар.
(Уақиға сүресі, 28-31)
Жəннаттағы жайғасу орындары
Сондай молшылық иесі-Алла қаласа, бұлардан да жақсы, аста-
рынан өзендер ағатын бақшалар бере алады. Тағы сен үшін сарайлар
жасай алады.
(Фұрқан сүресі, 10)
Иман келтіріп, ізгі іс істегендер, əлбетте, оларды жəннаттың
астынан өзендер ағатын жоғарғы орындарына орналастырамыз да,
олар онда мəңгі қалады. Ғамал істеушілердің сыйлығы нендей əдемі.
(Ғанкəбут сүресі, 58)
Малдарың да, балаларың да, сендерді жанымызға жақын дас-
тырмайды. Бірақ кім иман келтіріп, оң іс істесе, міне, соларға
істегендерінің салдарынан неше есе сыйлық бар. Сондай-ақ олар
аман-есен жоғары орындарда болады.
(Сəбə сүресі, 37)
Раббыларынан қорыққандар үшін астарынан өзендер ағатын
қабат-қабат салынған сарайлар бар. Бұл – Алланың уəдесі, Алла
уəдесінен таймайды.
(Зумəр сүресі, 20)
Достарыңызбен бөлісу: