Кеңесу мен ақылдасу Жəне олар (иман келтіргендер) – Раббыларына мақұл дегендер,
намазды толық орындағандар, сондай-ақ өзара істерін кеңеспен
жүргізгендер əрі өздеріне берген несібемізді тиісті орындарға
жұмсағандар. (Өзара ақылдасып, іс жүргізу мұсылманшылықтың
елеулі бір сипаты болып саналады).
(Шура сүресі, 38) (Мұхаммед ғ.с.) оларға Алланың мейірімі бойынша жұмсақ
сыңай байқаттың. Егер тұрпайы, қатал жүректі болсаң еді, əрине,
олар маңайыңнан тарқап кетер еді. Сондықтан оларды кешірім
етіп, олар үшін жарылқау тіле де, іс жөнінде олармен кеңес қыл.
Сонда қашан қарар берсең, Аллаға тəуекел ет. Негізінен, Алла
тəуекелшілдерді жақсы көреді.
(Əли Имран сүресі, 159)