Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Құранды қалай жатқа оқу керек



Pdf көрінісі
бет42/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Құранды қалай жатқа оқу керек    
Қашан Құран оқысаң, қуылған шайтаннан Аллаға сыйын. Шын 
мəнінде,  иман  келтіріп,  Раббыларына  тəуекел  еткендерге  шайтан-
ның  бір  үстемдігі  болмайды.  Шынында,  оның  үстемдігі,  оны  дос 
тұтып, Аллаға серік қатушыларға ғана жүреді.
(Нахыл, 98-100)
Біз Құранды шындықпен түсірдік. Ол шындық бойынша түсті. 
(Мұхаммед  ғ.с.)  сені      қуанту,  ескерту    үшін  ғана  жібердік.  Біз 


51
 
Құранды адамдарға тоқырап (тоқтап) оқуың үшін бөлімдерге айы-
рып, аз-аздап  түсірдік.  (Мұхаммед ғ.с.): «Құранға мейлі сеніңдер, 
мейлі сенбеңдер, бұдан бұрын өздеріне ғылым берілгендер, оларға 
Құран  оқылған  сəтте  етпеттерінен  сəждеге  жығылады»  де.  Олар: 
«Раббымызды  пəктейміз.  Əрине,  Раббымыздың  уəдесі  орында-
лады»,–  дейді.  Олар  жылап,  етпеттерінен  түседі.  Бұл  олардың 
ықыласын арттырады. (Бұлар Кітап иелерінен мұсылман болғандар).
(Исра, 105-109)
(Мұхаммед ғ.с. Құран  уахи  етілген сəтте тездетіп оқуға тырыс-
қан). (Ей, Мұхаммед!) Құран түскенде оған асығып тіліңді қозғалтпа. 
Шын  мəнінде,  оны  жинау,  оқу  Бізге  міндет.  Ал  оны  Біз  оқығанда, 
оның оқылуына ілес. Сонан соң оны түсіндіру Бізге міндет. 
 (Қиямет,16-19)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет