76
(Мұхаммед ғ.с.) олар сенен қияметтің қашан болатындығын
сұрайды. «Шынында, оның мəліметі Раббымның қасында, оның
мезгілін Ол ғана білдіреді. Көктер мен жердегі ауыр жағдай (қиямет)
сендерге кенеттен-ақ келеді» де. Сен оны зерттеп отырғандай-
ақ сұрастырады. Шынында, оның білімі Алланың қасында, бірақ
адамдардың көбі оны түсінбейді де.
(Ағраф сүресі, 187)
Расында, Жалғыз Алланың құзырында ғана (Қиямет) сағаты
(қашан болуы туралы) бiлiм бар. Ол (Өзi қалаған уақытта, Өзi қалаған
орынға) жаңбыр жаудырады жəне (аналардың) жатырларындағы
жүктерiн-балаларын бiледi. Ешбір жан ертең не істеуін біле алмай-
ды, ешбiр жан қайсы жерде өлуiн бiлмейдi. Тек қана Алла – бiлушi
жəне хабардар.
(Лұқман сүресі, 34)
(Сол уақытта) Алла: «Ей, Мəриям ұлы Ғиса! Адамдарға Алла-
ны қойып, мені əрі анамды екі тəңір етіп алыңдар деп сен айттың
ба?» – дейді. (Ғиса ғ.с.): «Ей, Алла! Сені пəктеймін. Тиісті болмаған
нəрсені айту маған жараспайды. Егер деген болсам, сонда Сен оны
анық білесің. Сондай-ақ менің ішімдегіні Сен білесің, мен Сенікін
білмеймін. Сен шынайы түрде көместерді толық білушісің», – дейді.
(Мəидə сүресі, 116)
Достарыңызбен бөлісу: