93
Тəңір тəубелерді қабылдаушы
(Мұхаммед ғ.с.) сонан соң, расында, Раббың білмей жамандық
істеп, істерін түзелткендер жағында. Рас, Раббың бұдан кейін де
əлбетте жарылқаушы, ерекше мейірімді.
(Нахыл сүресі, 119)
«Раббымыз, екеуімізді де өзіңе бой ұсынушы қыл, ұрпақ-
тарымыздан да өзіңе бой ұсынушы бір үмбет қыла гөр əрі бізге
қажылық ғамалдарымызды көрсетіп, тəубелерімізді қабыл айла,
əлбетте, Сен өзің тəубені қабыл етуші, ерекше мейрімдісің!»
(Бақара сүресі, 128)
Сондай жаман іс істегендер, содан кейін тəубе қылып, иман
келтірсе, күдіксіз, Раббың сонан соң да аса жарылқаушы, ерекше
мейірімді.
(Ағраф сүресі, 153)
Олар құлдарының тəубесін қабыл етіп, садақаларын қабылдайтын
Ол-Алла ғана екенін білмей ме? Шынында, Ол-Алла тəубені қабыл
етуші, ерекше мейірімді.
(Тəубе сүресі, 104)
Достарыңызбен бөлісу: