97
Тəңір жан беруші жəне оны алушы
Аллаға қалайша қарсы келесіңдер? Өлі едіңдер, сендерді тірілтті.
Тағы өлтіреді. Соңыра қайта тірілтеді. Сонан соң (қияметте) Оның
алдына қайтарыласыңдар.
(Бақара сүресі, 28)
Ол сондай түнде сендерді өлідей ұйықтатады. Жəне күндіз не
істегендеріңді біледі. Сонан соң сендерді белгілі бір мерзім толтыру
үшін күндіз оятады. Соңыра қайтып барар жерлерің Сол жак. Одан
кейін істеген істеріңді түсіндіреді.
(Əнғам сүресі, 60)
Сол уақытта біреуді өлтірдіңдер де, сол жөнінде таластыңдар.
Алла жасырғандарыңды ортаға шығарды. Сөйтіп, өлікті оның
кейбір мүшесімен қағыңдар дедік. Алла осылайша, өлікті тірілтіп
сендерге белгілерін көрсетеді. Əрине, ойланарсыңдар.
(Бақара сүресі, 72-73)
Достарыңызбен бөлісу: