Хз. Салихтың пайғамбарлығы Расында, Сəмуд еліне: «Аллаға құлшылық қылыңдар» (десін
деп) туыстары Салихты (ғ.с.) жібердік. Сол уақытта олар екі тап бо-
лып тартысты.
(Нəміл сүресі, 45) Жəне Сəмуд еліне туыстары Салихты (ғ.с.) жібердік: «Ей,
қауымым! Аллаға құлшылық қылыңдар, сендердің Одан басқа
тəңірлерің жоқ. Сендерге Раббыларыңнан ашық мұғжиза келді.
Міне, Алланың іңгені сендерге бір мұғжиза. Оны еркіне қойыңдар,
Алланың жерінде оттасын. Оған бір сұмдық істемеңдер. Əйтпесе,
сендерді жан түршігерлік азап қолға алады», – деді.
(Ағраф сүресі, 73)