Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Хз. Ибраһимнің ахлағы мен таңдаулы тұлғалығы



Pdf көрінісі
бет125/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Хз. Ибраһимнің ахлағы мен таңдаулы тұлғалығы
(Мұхаммед ғ.с.) оларға Ибраһимнің (ғ.с.) қиссасын  баян ет. 
(Шұғара сүресі, 69)
Ибраһим (ғ.с.) яһуди де, христиан да емес еді, нағыз мұсылман 
еді. Ортақ қосушылардан емес еді. 
   (Əли Имран сүресі, 67)
Шынында, Ибраһим (ғ.с.) нағыз Аллаға бойсұнушы, хаққа бейім 
бір  басшы  еді.  Алланың  нығметтеріне  шүкір  етуші  еді.  Алла  оны 
таңдап, тура жолға салды. 
(Нахыл сүресі, 120-121)
  Күдіксіз,  Ибраһим  (ғ.с.)  де  Нұхтың  (ғ.с.)  даңғыл  жолында. 
Өйткені, Ибраһим (ғ.с.) Раббына ынталы жүрекпен  келген  еді. 
(Саффат сүресі, 83-84)
(Мұхаммед ғ.с.) Кітаптағы Ибраһимды (ғ.с.) есіңе ал. Негізінде, 
ол турашыл  пайғамбар  еді. 
(Мəриəм сүресі, 41)
Ибраһимнің  (ғ.с.)  əкесі  үшін  жарылқау  тілеуі,  оған  берген  бір 
уəде  бойынша  ғана  еді.  Өзіне  оның  (əкесінің)  Алланың  дұшпаны 


127
 
екені  білінген  кезде,  одан  безді.  Расында,  Ибраһим  қажырлы  əрі 
жұмсақ мінезді еді.
(Тəубе сүресі, 114)
 
Шынында, Ибраһим (ғ.с.) анық жұмсақ, тым қамқор, бой  ұсыну-
шы.  
(Һуд сүресі, 75)
Кейінгі нəсілдерде оған (жақсы даңқ) қалдырдық. Ибраһим (ғ.с)-
ға сəлем. Рас, ізгі істер істеушілерді осылайша сыйлыққа бөлейміз. 
Өйткені  ол  сенген  құлдарымыздан  еді. 
(Саффат сүресі, 108-111)
Кім діни тұрғыдан жақсылық істеуші болып, жүзін Аллаға тап-
сырып, нағыз Ибраһимнің (ғ.с.) дініне  ерген кісіден жақсы бола ала-
ды? Алла Ибраһимді (ғ.с.) дос тұтқан. 
 (Ниса сүресі, 125)
Өзін  білмеген  ақылсыздан  басқа  кім  Ибраһимнің  (ғ.с.)  жолы-
нан  бет  бұрады?  Расында,  оны  дүниеде  таңдадық  əрі  күдіксіз,  ол 
ақыретте де игілерден болады. 
Рас, бұрын Ибраһим (ғ.с.)-ға да туралық  берген едік.
(Əнбия сүресі, 51)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет