Хз. Мұхаммедтің мінез-құлқы Расында, сендерге іштеріңнен ардақты бір пайғамбар келді.
Оған қиналуларың ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық, мүміндерге өте
жұмсақ, ерекше мейірімді.
(Тəубе, 128) Шын мəнінде, сен, əлбетте, ұлы мінезге иесің.
(Қалам, 4)
Хз. Мұхаммедтің кішіпейілділігі (Ей, Мұхаммед ғ.с. оларға) айт: «Жанымда Алланың қазынасы
бар демеймін, көместі де білмеймін. Жəне сендерге періштемін де
демеймін. Мен өзіме уахи етілгенге ғана ілесемін. Көзді мен көзсіз
тең бе? Ойламайсыңдар ма?», – де.
(Əнғам, 50) Мен сендерге: «Жанымда Алланың қазыналары бар демеймін
де, көместі де білмеймін. Мен бір періштемін де демеймін. Сондай-
ақ көздеріңе ілмейтіндерге: «Алла əсте жақсылық қылмайды»
демеймін. «Алла олардың ішіндегілерді жақсы біледі. Ол уақытта
мен залымдардан болармын» (деді).
(Һуд, 31)