Шайтан тек өз достарын ғана алдайды Негізінен, шайтан өз достарын қорқытады. Сондықтан олардан
қорықпаңдар да, Менен қорқыңдар, егер мүмін болсаңдар.
(Əли Имран сүресі, 175) Жын-шайтандар имансыздарға жақындайды Шайтандар кімге түседі, сендерге хабар берейін бе? Олар
əрбір өтірікші, күнəкарға түседі. Олар шайтандарға құлақ салады.
Олардың көбі өтірікші.
(Шұғара сүресі, 221-223) Мүміндер шайтаннан Аллаға сыйынады «Раббым! Шайтандардың түртектерінен саған сыйынамын» де.
«Раббым! Олардың жаныма келуінен де саған сыйынамын».
(Муминун сүресі, 97-98) Сонда ол қыз тапқан сəтте: «Раббым! Шынында, мен қыз тап-
тым», – деді. Алла оның не тапқанын біледі. Ұл қыздай емес. «Мен
оның атын Мəриям қойдым. Оны да, ұрпағын да, шайтаннан Саған
сыйындырамын», – деді.
(Əли Имран сүресі, 36)