236
берілген) оңшылдар, нендей жақсы ол оңшылдар. (Ғамал дəптері
солынан берілген) солшылдар, нендей жаман ол солшылдар. Озат-
тар алдыңғы қатарда болады. Міне, солар Аллаға жақын болғандар.
Ұжмақта нығметке бөленеді.
(Уақиға сүресі, 3-12)
Аллаға иман келтірмегендердің жүздері қап-қара болады
(Мұхаммед ғ.с.) Қиямет күні Аллаға өтірік айтқандардың беттері
қап-қара болғанын көресің. Менменсігендердің орны тозақ емес пе?
(Зумəр сүресі, 60)
Көздерді қорқыныш билейді
(Мұхаммед ғ.с.) Алла залымдардың істегендерінен қаперсіз деп
əсте ойлама! Шынында, Алла оларды көздер шарасынан шығатын
бір күнге дейін кешеуілдетеді. (Сол күні) олар бастарын қақшитып,
олардың көздері өздеріне де қайрылмай жəне жүректері ұшып,
жүгіріп бара жатады.
(Ибраһим сүресі, 42-43)
Достарыңызбен бөлісу: