Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет307/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Жар таңдаудағы еркіндік
Егер (үйленгенде) жетім əйелдер жайында əділетсіздік істеуден 
қорықсаңдар, өздеріңе жаққан басқа əйелдерден екі, үш жəне төртке 
дейін үйленіңдер. Сонда егер тең ұстай алмаудан қорықсаңдар, онда 
біреу  алыңдар  немесе  қолдарыңдағы  күң  де  болады.  Əділетсіздік 
болмауға  жақынырағы  осы. 
(Ниса сүресі, 3)


311
 
Некеге тұрудың заңы
Ол сондай Алла сендерге жерді төсек, аспанды төбе етіп жарат-
ты. Əрі көктен жаңбыр жаудырып, сол арқылы сендер үшін əртүрлі 
өсімдіктен  ризық  шығарды.  Сондықтан  біле  тұра  Аллаға  ортақ 
қатпаңдар. (Сенбеушілер  Құранды  Мұхаммед  ғ.с.  ойдан  шығарып 
отыр  деген).Егер  құлымызға  түсіргенімізден  күдіктенсеңдер, 
онда  сендер  де  сол  құсаған  бір  сүре  келтіріңдер,  Алладан  өзге 
көмекшілеріңді  де  шақырыңдар,  егер  сөздерің  рас  болса.  Егер 
оны  істемесеңдер  (əзір  келтірмесеңдер,  келешекте)  сірə  істей 
алмайсыңдар.  Ендеше,  отыны  адамдар,  тастардан  болып  иман-
сыздар  үшін  əзірленген  оттан  қорқыңдар! (Мұхаммед  ғ.с.)  иман 
келтіріп, ізгі іс істегендерді қуандыр! Расында, олар үшін астарынан 
өзендер ағатын жəннаттар бар. Əрқашан оларға оның жемісінен бір 
ризық берілсе, олар: «Осы бізге бұрын да беріліп еді» дейді. Тағы 
оның ұқсасы келтіріледі. Əрі олар үшін онда тап-таза жұбайлар да 
бар.  Олар  онда  мəңгі  қалады. (Құрандағы  шыбын,  өрмекші  жəне 
құмырсқа тəрізді  кішкентай  мысалдарға  таңырқағандар болған…)
(Ниса сүресі, 22-25)
Көпəйелділік
Егер (үйленгенде) жетім əйелдер жайында əділетсіздік істеуден 
қорықсаңдар, өздеріңе жаққан басқа əйелдерден екі, үш жəне төртке 
дейін үйленіңдер. Сонда егер тең ұстай алмаудан қорықсаңдар, онда 
біреу  алыңдар  немесе  қолдарыңдағы  күң  де  болады.  Əділетсіздік 
болмауға  жақынырағы  осы.
(Ниса сүресі, 3)
Қаншалық  тырыссаңдар  да,  əйелдердің  арасына  əсте  əділдік 
істей  алмайсыңдар.  Ендеше, (біреуіне)  мүлде  ауып  кетіп,  өзгесін 
жіпсіз  байлағандай  етіп  қоймаңдар  (байсыз  əйел  құсап,  дел-
салда  жүрмесін).  Егер  түзеліп  сақсынсаңдар,  негізінен,  Алла  тым 
жарылқаушы, ерекше  мейірімді. 
(Ниса сүресі, 129)


312


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет