Адалдық жəне жалпы жұмыстарда əділдік Анттарыңды араларыңда алдауға сылтау қылмаңдар.
(Нахыл сүресі, 94) Жəне бір елдің өшпенділігі сендерді əділсіздікке тартпасын.
Əділ дік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ. Жəне Алладан
қорқың дар. Күдіксіз, Алла не істегендеріңнен толық хабар алушы.
(Мəида сүресі, 8) Бейбітшілікке ұмтылу Егер олар бейбітшілікке бейімдесе, сонда оларға сен де бейімде.
Əрі Аллаға тəуекел ет.
(Əнфал сүресі, 61) Бір қауымның басқа қауымды қанауының тыйым салынуы Бір топты басқа топтан үстем деген сылтаумен араларыңдағы
анттарыңды бұзып, жібін мықтап иіргеннен кейін тарқатқан қатын
құсаған болмаңдар.
(Нахыл сүресі, 92) Міне, ақырет жұрты: Оны жер жүзінде өзін-өзі көтеріп, бүлікшілік
ізденбегендерге нəсіп етеміз. Негізінде, соңғы табыс тақуалар үшін.
(Қасас сүресі, 83)