Тəңір барлық нəрсеге құдіретті
Сендер оларды екі есесіне ұшыратқан бір қайғыға өздерің
71
ұшырағандықтан: «Бұл қайдан келді?» – дедіңдер. (Ұхытта мұсыл-
маннан жетпіс кісі шейіт болған болса, Бəдірде кəпірлерден жетпісі
өліп, жетпісі қолға түскен еді.) (Мұхаммед ғ.с.) оларға: «Ол өз
пиғылдарыңнан» деп айт. Шəксіз, Алланың əр нəрсеге күші жетуші.
(Əли Имран сүресі, 165)
Көктердегі жəне жердегі сыр Аллаға тəн. Қиямет сағаты кірпік
қаққандай, тіпті одан да жақынырақ. Сөзсіз, Алланың əр нəрсеге
күші толық жетуші.
(Нахыл сүресі, 77)
Олардың көздерін нажағай жұлып əкете жаздайды. Оларға жарық
берген сəтте, олар жарықта жүреді де, оларға қараңғы болған заман-
да, олар тұра қалады. Егер Алла қаласа олардың есту, көру сезімдерін
де жояр еді. Алланың əр нəрсеге күші толық жетуші. (Бұл мысал-
да; Құран жəне ислам; көзді алардай жарқылдап, күркіреп құйған
нөсерге, мұнафықтар; нажағайдан қорқып, саусақтарын құлақтарына
тығып жарықта жүріп, қараңғыда тұрып тантырақтағанға теңеліп
отыр).
(Бақара сүресі, 20)
Əркімнің бір бет алатын қыбласы бар. Сонда жақсылыққа
жарысыңдар. Қайда болсаңдар да, Алла барлығыңды бір араға жи-
найды. Күдіксіз, Алланың əр нəрсеге күші жетеді.
(Бақара сүресі, 148)
Көктердегі жəне жердегі нəрселер Алланыкі. Іштеріңдегілерді
жарияласаңдар да, жасырсаңдар да Алла сендерден оның есебін ала-
ды. Сонда кімді қаласа жарылқайды да, кімді қаласа азап қылады.
Сондай-ақ Алланың барлық нəрсеге толық күші жетеді.
(Бақара сүресі, 284)
Алла, Одан басқа еш тəңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы.
Ол қалғымайды да, ұйықтамайды. Көктердегі жəне жердегі нəрселер
Оған тəн. Оның құзырында Өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді?
Олардың алдарындағыны да, арттарындағыны да біледі. Олар Оның
қалауынан басқа еш нəрсе білмейді. Оның күрсісі (білімі) көктер
мен жерді сыйдырады. Оған ол екеуін қорғау ауыр келмейді. Жəне
Ол өте биік, аса зор.
(Бақара сүресі, 255)
72
Рас, егер жер жүзіндегі ағаш атаулы қалам, тəңіз (сия болып),
одан кейін оған тағы жеті теңіз көмектесіп (жазса да), Алланың
сөздері таусылмайды. Күдіксіз, Алла өте үстем, хикмет иесі.
(Лұқман сүресі, 27)
Көктер мен жердің жаратылуы жəне ондағы жəндіктердің тарал -
уы Оның белгілерінен. Ол оларды қашан қаласа да жинауға күші
толық жетеді.
(Шура сүресі, 29)
Достарыңызбен бөлісу: |