Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет60/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Тəңір ғайыпты білуші
Көместің кілттері Оның жанында. Оны Ол өзі ғана біледі. Жəне 
құрылықтағы,  теңіздегі  нəрселерді  біледі.  Бір  жапырақ  түссе  де, 
Алла  оны  біледі.  Сондай-ақ  жердің  қараңғылықтарындағы  құрғақ 
жəне жас ұрыққа дейін ашық Кітапта бар. 
(Əнғам сүресі, 59)
(Мұхаммед  ғ.с.): «Көктер  мен  жердегі  көместі  Алладан  басқа 
ешкім білмейді. Олар қашан тірілтілетіндіктерін білмейді» де.
(Нəміл сүресі, 65)
(Мұхаммед  ғ.с.)  əрқандай  бір  жағдайда  болсаң,  Алла  тарапы-
нан  бір  Құран  оқысаң  жəне  сендер  бір  іс  істесеңдер,  əлбетте  оған 
шомған  кездеріңде,  сендерді  көреміз.  Сондай-ақ  жердегі,  көктегі 
тозаң  салмағындай  нəрсе  Раббыңнан  жасырылмайды.  Тағы  одан 
кішісі, үлкені ашық бір Кітапта бар.  
 (Юныс сүресі, 61)


76
(Мұхаммед  ғ.с.)  олар  сенен  қияметтің  қашан  болатындығын 
сұрайды. «Шынында,  оның  мəліметі  Раббымның  қасында,  оның 
мезгілін Ол ғана білдіреді. Көктер мен жердегі ауыр жағдай (қиямет) 
сендерге  кенеттен-ақ  келеді»  де.  Сен  оны  зерттеп  отырғандай-
ақ  сұрастырады.  Шынында,  оның  білімі  Алланың  қасында,  бірақ 
адамдардың көбі оны түсінбейді де. 
(Ағраф сүресі, 187)
Расында,  Жалғыз  Алланың  құзырында  ғана  (Қиямет)  сағаты 
(қашан болуы туралы) бiлiм бар. Ол (Өзi қалаған уақытта, Өзi қалаған 
орынға)  жаңбыр  жаудырады  жəне  (аналардың)  жатырларындағы 
жүктерiн-балаларын бiледi. Ешбір жан ертең не істеуін біле алмай-
ды, ешбiр жан қайсы жерде өлуiн бiлмейдi. Тек қана Алла – бiлушi 
жəне хабардар.
(Лұқман сүресі, 34)
(Сол  уақытта)  Алла: «Ей,  Мəриям  ұлы  Ғиса!  Адамдарға  Алла-
ны қойып, мені əрі анамды екі тəңір етіп алыңдар деп сен айттың 
ба?» – дейді. (Ғиса ғ.с.): «Ей, Алла! Сені пəктеймін. Тиісті болмаған 
нəрсені айту маған жараспайды. Егер деген болсам, сонда Сен оны 
анық білесің. Сондай-ақ менің ішімдегіні Сен білесің, мен Сенікін 
білмеймін. Сен шынайы түрде көместерді толық білушісің», – дейді. 
(Мəидə сүресі, 116)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет