Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет71/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Тəңір пəктеуге лайықты
Көктің  гүрілі  дəріптеп,  періштелер  қорқып  Алланы  пəктейді. 
Алла нажағайларды жіберіп қалағанына тигізеді. Олар Алла жайын-
да таласады. Негізінде, Алла  орасан  күшке  ие. 
(Рағыд сүресі, 13)
Жеті көк жəне жер, сондай-ақ ондағы болғандар Алланы пəктейді. 
Оны пəктеп, мақтамайтын еш нəрсе жоқ. Бірақ, сендер олардың тас-


86
бихтарын  (пəктеулерін)  түсіне  алмайсыңдар.  Шынында,  Алла  өте 
жұмсақ, аса жарылқаушы. 
 (Исра сүресі, 44)
Көктер  мен  жердегі  нəрселер  Алланы  дəріптейді.  Ол  Алла  өте 
үстем, хикмет  иесі.
(Хадид сүресі, 1)
Көктер  мен  жердегілер  Алланыкі.  Оның  қасындағылар  Оған 
құлшылық қылудан дандайсымайды да, шаршамайды. Олар күндіз-
түні Алланы дəріптеуден жалықпайды. 
(Əнбия сүресі, 19-20)
Көктер мен жердегі əркімнің əрі қатар-қатар ұшқан құстың Ал-
ланы дəріптегенін көрмейсің бе? Барлығы өзіне тəн  намазын, тəс-
бихын біледі. Алла олардың  істегенін  толық  біледі. 
  (Нұр сүресі, 41)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет