Тəңір ізет пен абырой Иесі Кім құрмет көксесе, негізінде, бүкіл қадір-құрмет Аллаға тəн.
Көркем сөз Алла жаққа шығады. Сондай-ақ жақсы амал оны кө-
тереді. (Көркем сөз: Иман, сенім. Жақсы амал: Сенім бойын-
ша істеген құлшылық. Екеуі бір-бірін көтереді. Бірінсіз бірі
қабылданбайды). Ал сондай жамандықтың тəсілін істегендер, олар
үшін қатты азап бар. Олардың тəсілдері, ол өзінен-өзі жоқ болады.
(Фатыр сүресі, 10) Сондай мүміндерден өзге имансыздарды дос тұтқандар, олардың
қасынан ізет іздей ме? Шын мəнінде, ізет бүтіндей Аллаға тəн.
(Ниса сүресі, 139)