Тəңір шүкірді бағалаушы Сол уақытта Раббыларың: «Егер шүкір етсеңдер, арттыра
беремін. Ал егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты», – деп
жари я лады.
(Ибраһим сүресі, 7) Егер шүкірлік етіп, иман келтірсеңдер Алла сендерді неге азап
қылсын? Өйткені, Алла шүкірлікті бағалаушы, толық білуші.
(Ниса сүресі, 147) Тəңір адамға барлығын үйретуші Алла Адамға (ғ.с.) біртұтас атауларды үйретті де, сонан соң
оларды періштелерге көрсетіп: «Айтқандарың рас болса, Маған осы
нəрселердің аттарын айтып беріңдер», – деді. Періштелер: «Сен
пəксің! Біздің Сенің үйреткеніңнен басқа білеріміз жоқ. Əрине, Сен
толық білуші, өте данасың», – деді.
(Бақара сүресі, 31-32) (Мұхаммед ғ.с.) егер саған Алланың ілтипаты, мəрхаметі бол-
маса еді, əрине, олардың бір тобы сені адастыруды ойлаған еді.
Олар өздерін ғана адастырады да, саған ешбір зиян келтіре алмай-
ды. Өйткені Алла саған Құранды жəне хикметті түсірді əрі саған
білмегендеріңді үйретті. Сондай-ақ Алланың саған деген ілтипаты
өте ірі.
(Ниса сүресі, 113) Ал егер қауіп-қатерде болсаңдар, жаяу немесе көлікте (бет
алған жаққа ишарамен оқыңдар). Қашан бейбіт болсаңдар, сендерге
білмегендеріңді үйреткеніндей Алланы зікір етіңдер
(Бақара сүресі, 239)