Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет88/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Тəңірдің уəдесі хақ
Күдіксіз, иман келтіріп, түзу іс істегендер, олар үшін нығметі та-
усылмайтын бақшалар бар. Онда олар мəңгі қалады. Алланың уəдесі 
хақ. Ол өте  үстем, хикмет  иесі. 
(Лұқман сүресі, 8-9)
Олар  егер  Құран  арқылы  таулар  жүргізіліп,  жер  бөлшектеніп 
жəне өліктер сөйлестірілсе де (сенбейді). Алайда, барлық іс Аллаға 
тəн.  Мүміндер  аңғармады  ма?  Алла  қаласа  еді,  адамдарды  тұтас 
тура  жолға  салар  еді.  Қарсы  болғандарға  Алланың  уəдесі  келген-
ге  дейін  қылықтарының  салдарынан  үнемі  соққы  жетеді  немесе 
жұрттарының маңына түседі. Күдіксіз, Алла  серттен  таймайды.
(Рағыд сүресі, 31)
Ол – аса  қамқор  Алланың  құпия  түрде  құлдарына  уəде  еткен 
(Ғадын) жəннаттары. Расында, Оның  уəдесі  орындалады. 
(Мəриəм сүресі, 61)
(Мұхаммед  ғ.с.)  олар  сеннен  азаптың  тез  келуін  тілейді.  Алла 
уəдесінен əсте айнымайды. Негізінде, Алланың қасындағы бір күн 
сендер санайтын мың жылмен тең. 
  (Хаж сүресі, 47)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет