371
ру кезінде топырақтың жаппай жыртылуы,
шабындықтар мен мал
жайылымдардың жүйесіз пайдаланып, оталып тақырлануы, топырақ
құрылымының бұзылуы, суармалы жерлердің қайтадан сорлануы,
ормандардың жөнсіз кесіліп, өртенуі жатады.
Еліміздің Жер ресурстарын басқару агентігінің 2006 жылғы
мəліметі бойынша орташа жəне үлкен дəрежеде тапталып бүлінген
жайылымдар 26,6 млн. гектарды құрайды.
Орман қорының жері елімізде онша мол емес (23,4 млн. га), ал ор-
манды алқапты барлық республика территориясында тек қана 3,8%
қамтиды. Соған қарамай бұл жерлердің экологиялық мəселесі өте
өзекті болып отыр. Тек қана 2000 жылы 934 орман өрттері болып, ол
27 мың 487 гектар жер ауданын қамтыды. Ірі орман өрттері Шығыс
Қазақстан, Павлодар, Ақмола,
Қарағанды, Алматы, Қарағанды,
Алматы облыстарында байқалған. Тек қана Павлодар облысында
кейінгі 10 жыл ішінде орман өрттері
мен жөнсіз ағаштарды кесу
салдарынан 45 мың гектар жерде орман жойылып, осы жерлерде
шөлейттену қаупі туып отыр.
Батыс Қазақстан аймағында мұнай-газ өндіру кезінде ауыр техни-
ка мен транспорт салмағымен, мұнай-битум қалдықтарымен шама-
мен 4-5 млн. гектардай жер бұзылып, ластанған.
Елімізде егіншілікте көп
жылдар бойы пайдаланып келе
жатқан топырақтардың құнарсыздануы құбылыстары байқалуда.
Павлодардың ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институты
ғалымдарының (Қ. Е. Қанапиянов. С. У. Асқаров, 2004) мəліметі
бойынша оңтүстік карбонатты қара топырақты егіншілікте 1965
жылдан 2003 жылға дейін пайдаланғанда (38 жыл ішінде) оның
0-22 см қабатында қарашірінді мөлшері 5,2-5,9%-дан 3,2-3,6%-
ға дейін, ал 22-40 см қабатында 2,8-3,4%-дан 1,9-2,2%-ға дейін
кеміген.
Достарыңызбен бөлісу: