233
топырақтарға – балшықтар жатады. Топырақтың су өткiзгiш қабiлетi
деп өзінің капиллярлары (түтiктерi) арқылы оның төменгi қабатынан
жоғары қабатына су көтергiштiгiн айтады. Бұл қасиет топырақтың
түйіртпектігіне, механикалық құрамына байланысты. Құмдар суды
тез, бiрақ аз биіктікке көтередi (тəулiгiне 30-60 см-ге дейiн ғана),
балшықтар керiсiнше суды баяу сорып, биiкке (3-4 м дейiн) көтередi.
Капиллярлы суды көтеру арқылы топырақ құрғақшылық аймақтарда
өсімдіктерді өзінің төменгі қабатындағы сумен қамтамасыз етiп
тұрады. Ал шөлдi аймақтарда жақын жататын ащы жер суларының
буға айналуынан топырақ сортаңдана бастайды. Көптеген
ауылшаруашылық дақылдар кұрғақ заттарды құрау үшiн судың ора-
сан көп мөлшерiн жұмсайды. Мəселен, бидай өсiмдiгi, өзінің жер
бетiндегi массасымен салыстырғанда тəулiк бойында шамамен, 1,3-
1,5 есе артық суды жұмсайды жəне сіңірілген 90-95 пайыз құрғақ
заттың пайда болуы үшiн (транспирация) жұмсалады. Өсімдіктерде
бір грамм құрғақ заттардың пайда болуы үшiн жұмсалатын судың
үлгiлiк мəнi бірнеше дақылдар үшiн мынадай: жоңышқа – 858, сұлы
– 636, мал азықтық бұршақ – 372, тары – 287. Бұл көрсеткіштер
өсімдік өсетiн топырақ климат жəне басқа жағдайларға байланысты
едəуiр ауытқып отырады.
Өсімдіктер транспирация жолымен өте көп мөлшерде су
жұмсайды. Өсiмдiк бойына сiңірген 1000 г судың небары 1-2 гра-
мын ғана пайдаланады, судың 998 грамы өсiмдiк арқылы өзгермей
өтедi. Топыраққа тыңайтқыштарды, əсiресе, фосфор тыңайтқышын
енгiзуі, су, ауа режимiн ретке келтiруi арқылы жəне басқа шаралардың
көмегiмен, өсімдіктердің қоректену жағдайын жақсарта отырып,
1 грамм құрғақ заттың пайда болуы үшін жұмсалатын су шама-
сын азайтуға болады. Алайда, құрғақ заттың пайда болуы үшiн
жұмсалатын судың азайғанына қарамай, тыңайтылған жердің бiр
гектарға жұмсалатын жалпы ылғалдық қоры ұлғаяды, өйткенi оның
өнiмi өседi. Мұндай жағдайда ылғал мейлінше, тиімді пайдаланы-
лады.
Достарыңызбен бөлісу: