Модульдік оқыту технологиясының бір ерекшелігі – оның білімді меңгертуде, жеке тұлғаның танымдыққабілеттерін жəне танымдықүдерістерін: яғни жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл жəне т.б.) ойлауды, ынтаны, қабылдауқабілетін арнайы жасалған оқу жəне танымдық жағдайлар арқылы тануға, сондай- ақ жеке тұлғаныңқауіпсіздігін, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас жасау, ойын танымдық жəне шығармашылыққажеттіліктерін қанағаттандыруға; белсенді сөздікқорын (ауызша жəне жазбаша тілде) дамытуға бағытталуында. Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі – дарынды балалармен тұрақты жəне жүйелі түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретіндігінде. Модульдік оқытудың мақсаты оқушыныңөз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тəсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрену. Модульдік оқыту іс-əрекет принципіне негізделген, оқушының 274 275 кейде ғана емес, жүйелі түрде белсенді іс-əрекеті болғандағана білім мазмұны саналы меңгеріледі. Сондықтан мұғалім тапсырмаларды дайындағанда оқушыларды оқу мақсатына бағыттайды, оныңқабылдауына жағдай жасайды, балалардыңөзін-өзі бақылау жəне бағалау жүйесін анықтайды, сол арқылыөзін-өзі басқаратын рефлексивті оқытуүдерісінқамтамасыз етеді. Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген: Егер оқушы тапсырманы мұғалімнің немесе сыныптастарының көмегімен орындайтын болса, онда ол өзінің жақындаму аймағында деп есептеледі. Бұл баланың психикалық функциясының жетілуіне септігін тигізеді. Өйткені, ол бүгін басқалардың көмегімен орындалған тапсырмаларды ертеңөзі орындай алады, яғни бір цикл аяқталады да, оқушы актуалды даму аймағына енеді. Осылай жаңа деңгейде келесі цикл бастау алады. Модульдік оқытуда бұл цикл мұғалімнің оқушыға беретін көмегінің мөлшерімен мазмұнын саралап, оқу əрекетінің əртүрлі формада (жеке, топтық, тұрақты жұптың жəне ауыспалы құрамда) ұйымдастырылуы арқылы жүзеге асырылады. Модульдік технология негізінде бағдарламалы оқыту алынған. Бағдарламалы оқытудың мынадай белгілері: іс-əрекеттегі нақтылық логика; белсенділік жəне оқушыныңөзінше жұмыс істеу мүмкіндігі; жеке жұмыстыңқарқыны; нəтижелерді салыстыру (аралық жəне қорытынды); өзін-өзі бақылау мен өзара бақылау. Модульдік технологияныңқарқындылығы, интенсивтілігі оқытуүдерісін оңтайландыруды, яғни аз күш, аз уақыт, аз құрал жұмсай отырып жоғары нəтижеге жетуді талап етеді. Модульдік оқытудың принциптері: - модульдік принципі; - оқыту мазмұнынан ерекше мəселелерді бөліп алу принципі; - қарқындылық; - білім мен оның жүйесінің əсершілдігі мен жылдамдығы; - болашақ міндеттерді саналы түсіну; - əдістемелік кеңестің жан-жақтылығы принципі; - теңбе-тең принципі. Бұл принциптердің барлығыөзара тығыз байланысты. С. И. Ожегов: ォМодуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын біршама дербес бөлігіサ, – деді. Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен жəне қорытынды бөлімнен тұрады. Əр оқу модулінде сағат саны əр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыптар тобына немесе сағат санына байланысты. Ғалымдардың зерттеулерінде 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екені көрсетіледі. Оқу модулінің ерекшелігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе жəне қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Қалған барлық сағат сөйлесу бөліміне бөлінеді. Психологтардың пайымдауынша, əрбір дербес тарауды (тақырыпты) оқып-үйренуүш негізгі кезеңнен: кіріспе- қызықтырушылық, операционолдық-танымдық жəне рефлексиялық- бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс (Л. М. Фридман). Кіріспе- қызықтырушылық кезең кіріспе бөлімінде іске асырылады. Кіріспе бөлімде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сондықтан мұғалім осы оқу модулін барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте жəне т.б. белгілі үлгілерге сүйене отырып, түсіндіреді. Технология ауқымында оқуүдерісі мынадай бастапқы жағдайдақұрылады: баланың көптеген тұлғалық психикалық қасиеттері оның жеке өзіндік, өзінқанағаттандыратынқызметі барысында айқындалып, қалыптасады. Технологияда бұған ерекше мəн беріледі. Танымдыққызметіне рахаттанып, қанағаттану – əр оқушының соңында жоғары нəтижеге қол жеткізудің маңызды факторларының бірі. Сондықтан да сөйлесу бөліміндегі бағалар мен бағалау ынталандырушы сипатта болады. Оқу модулінің бұл бөлімінде оқу еңбегінің нəтижесін бағалаудаォтəтті лимонサ (оқушы атқарған əрекеттіңқұндылығын асыра көрсету) жəне ォкөк жүзімサ (оның теріс нəтижесін құнсыздандыру) қағидалары кеңінен қолданылады (Р. М. Грановская, Ю. С. Крижанская). Бұл технологяның маңызды шарты – оқушылардыңкез келген ғылыми көздерді, оқулықтарды, оқуқұралдарын пайдалануға болатындығы, сондай-ақұйымдастырушы, көмекші, кеңесші ретінде мұғалімнен жедел кеңес ала алатындығы. 276 277 Жоғарыда атап өткендей, кіріспе-қызықтырушылық кезең кіріспе бөлімінде іске асырылады. Бұл кезеңде оқушылар бағдарламаның осы тарауын неге жəне не үшін оқып-үйренулері керек, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түйсінуіқажет.