Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Педагогикалық технологиялардың негізгі



бет22/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

4.4. Педагогикалық технологиялардың негізгі
алгоритмдері
Қазіргі заманғы педагогикалық технология мен жұмыс істеу
үшін төмендегідей алғышарттар қажет: оқу үдерісін интен-
сивтенттіруді жаппай қолға алу; оқушылардың сабақбастылығын
болдырмау шараларын кешенді қарастыру. Оның ғылыми-
əдістемелік, оқыту-əдістемелік ұйымдастырушылық себептеріне
үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының
мазмұнын зерттеп білу, пəндік білім стандарттарымен жете танысу,
білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға
білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу, оқыту
үдерісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа
алу, өйткені оқыту-тəрбиенің негізі.
Сондықтан оқыту да қоғамдық құбылысқа жатады. Оқытуды екі
түрлі мағынада қарауға болады. Біріншісі – мектепте жəне жоғары
оқу орындарында оқыту. Екінші – өмірде оқыту, өмірге үйрету.
Тəрбиелеу, оқыту – егіз ұғым.
Оқыту бағдарламалары сызықтық, тармақты адаптивті, құрама
блоктық, модельді болып бөлінуі. Осылардың əрқайсысына қысқаша
тоқталайық.
1. Сызықтық – оқу материалдары блокпен беріліп, бақылау
жұмыстарымен кезектестіріліп отырылады.
2. Тармақтық – оқушылар дұрыс жауап бермеген жағдайда
қосымша ақпарат сөздермен білім алып, жаңа бақылау жұмыстарын
орындайды.
3. Адаптивті – өзінің меңгеру дəрежесіне қарай жаңа материал-
дың күрделілік дəрежесін өзі таңдау, сөздіктер мен анықтамаларды
қолдана алу.
4. Аралас бағдарламада сызықтық тармақтық, алгоритм
бойынша есептеуді қолданады.
5. Блок түрінде беру бағдарламасы оқушылардың əртүрлі
интеллектуалды операцияларды орындауында, алған білімдерін
есеп шығаруда пайдалануына мүмкіндік береді.
6. Модульді оқыту – блоктық оқытудың жетілдірілген түрі.
Мұнда оқушылар модульдерден тұратын оқу бағдарламасымен
жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет