Өзін-өзі талдау идеясы. Балаларды өзін-өзі жеке жəне ұжымды
талдауға үйрету қажет. Жаңашыл мұғалім Е.Н.Ильин оқушыларын өздерінің өмірі, іс-əрекеті жайында ойлануға үйретеді. Ата-аналармен ынтымақтастық.Мектепте, үйде балалар ересек адамдарға ашық сенгіштікпен қарайды деп ынтымақтастық педагогика жорамалдайды. Бұл үшін бірыңғай талаптар емес, үйде балалармен жолдастық, жылы-шырайлы қатынас болуы қажет. Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша, ата-аналар жиналысында балалар туралы сын көзбен ескерту жасауға болмайды. Балалар мен ата-аналар арасында ұрыс-керіс жағдайын болдырмау. Мұғалім балалар жөнінде ата-аналарға айтып наразылық білдірмейді, күнделіктеріне не болса, соны жазбайды. Балаңыз сабаққа дайындалмайды деп мұғалім əр ата-ананың есігін қағуды қоюы керек. Егер оқушы назар аударуды, көмек көрсетуді талап етсе, онда оған керегінше (бір ай, əлде бір жыл керек пе) көмек көрсету қажет. Осындай жылы қамқорлықты сезген бала ата-аналарына да ризашылықпен толық сенім білдіріп, зор ықыласпен оқып білім алуға, еңбек етуге тырысады. Бұл өмірдегі, еңбектегі, оқудағы қарым-қатынас бірлігінің беріктігі – ынтымақтастық педагогиканың қағидасы. 148 149 Мұғалімдердің ынтымақтастығы.Экспериментшіл мұғалімдердің əрқайсысының педагогикалық еңбек өтілі 25-тен 40 жылға дейін. Олар əр түрлі мектеп ұжымдарында балалармен жұмыс істеген, талай мұғалімдер жəне директорлармен істес болған. Жаңашыл мұғалімдер, мүмкін ынтымақтастық педагогика өте күрделі, оны оқыту жəне тəрбиесінде қолдануға болмайтын шығар дейді. Шынында, олардың тəжірибесі бойынша кез келген мұғалім- нің ынтымақтастық педагогиканың принциптерін іске асыруы мүмкін, бірақ бір айдың немесе бір тоқсанның ішінде жүзеге асыруы мүмкін емес. Əрине, егер кімде-кім жаңа педагогиканы ақылға салып ойластырса, ол өз жұмысының жақсара бастағанын байқайды. Өйткені ынтымақтастық педагогика үшін айрықша жағдайдың керегі жоқ, əдеттегі оқу бағдарламасы жəне оқулықтар бойынша əрбір мұғалім өзінің сыныбында, əрбір директор өзінің мектебінде қайта құру кезеңінде мəселелерді тың зерттеумен айналысады. Жаңа педагогиканың идеяларын кең түрде тарату керек. Сыныпта балаларды бір-біріне қарсы қоюға болмайды, сол сияқты мұндай жағдайды мұғалімдер арасына да болдырмау керек. Сонымен, осы идеяларды іске асыру үшін: біріншіден, оқу жəне тəрбие əдістерін жаңарту, екіншіден, балалармен қатынасты жаңарту; үшіншіден, мұғалімнің өзін-өзі жаңартуы; төртіншіден, оқушылармен жəне өзара ынтымақтасу.