Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш


I. «Тəлім-тəрбие  нысанасын  түрге  бөлу»  теориясы



Pdf көрінісі
бет124/189
Дата07.01.2022
өлшемі1,53 Mb.
#20020
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   189
I. «Тəлім-тəрбие  нысанасын  түрге  бөлу»  теориясы.  Адам 
өмірінде істелуге тиісті қандай бір жұмыс ол үлкен болмасын, кіші 
болмасын  қандай  да  бір  нысынаға  жетуді  көздейтіні  ақиқат.  Дəл 


200
201
сол  секілді  оқыту  жұмысы  да  белгілі  оқыту  нысанасына  жетуді 
мақсат ететіні шындық, екінші сөзбен айтқанда, оқыту жұмысы өзі 
тəрбиелеп отырған оқушының болашақта қандай жетістікке жетуін, 
қандай  адам  болу  керектігін  алдын  ала  анықтап  алуы  қажет.  Осы 
тұрғыдан келіп, оқыту нысанасын Блум: таным саласындағы нысана, 
сана-сезім  саласындағы  нысана  жəне  əрекет  шеберлігі  (қабілет) 
саласындағы нысана деп үш салаға бөледі.
Таным  саласындағы  нысана  дегеніміз  оқушының  үйренген 
білімін  есте  сақтау  жəне  қайталау  барысындағы  ақыл-парасат  пен 
қабілеттің  калыптасу  нысанасын,  яғни  білім  алу  мен  қабілетті 
дамыту жағындағы нысананы көрсетеді. 
Сана-сезім саласындағы нысана қызығушылық, мінез, құндылық 
көзқарасы,  сондай-ақ  бейімділік  қабілеті  жағындағы  нысананы, 
яғни  ақыл-парасатқа  жатпайтын  факторлар  жағындағы  нысананы 
көрсетеді.
Іс-əрекет  шеберлігі  саласындағы  нысана  дегеніміз – меңгеру 
жəне əрекет шеберлігі жағындағы нысананы көрсетеді.
Блумның еңбегі оның оқыту нысанасын белгілі өлшем бойынша 
тəртіпті түрде жүйелеп айқындық пен жүйелілік қалыптастыруынан 
көрінеді,  Ол  бұны  АҚШ-тың  тəлім-тəрбие  ісіне  мұқият  зерттеу 
жүргізу  аркылы  қол  жеткізді,  əрі  бұл  еңбегі  Блумның  əлемдегі 
атағын да асқақтата түсті.
Бұрын жұрт бір адамның үйрену жағдайын тексергенде оның тек 
алған біліміне ғана назар аударатын, ал Блумның таным саласындағы 
нысанасы  бес  жақты  (түсіну,  қолдану,  талдау,  жинақтау,  бағалау) 
қамтиды,  яғни  оқушылардың  əр  түрлі  қабілеттерін  жетілдіру 
нысанасын алға қояды.
Сондықтан қазіргі кезде бүкіл дүниежүзінің білім беру саласы 
осы  көзқарасты  ұстанып,  оқушылардың  қабілетін  жан-жақты 
тəрбиелеуді  дəріптеп  келеді.  Білім  теориясы  оқушыны  бағалаудың 
ортақ мойындалған өлшемін де ортаға қояды.
Бұл  өлшем  мұғалімдердің  өзара  тəжірибе  алмасу  қызметі  мен 
бағалау қызметін де алға бастырады.
Сөйтіп,  бағалаудың  айқын  нысанасы  орнатылды.  Блумның 
таным  саласындағы  оқыту  нысанасы  бүгінгі  күні  көптеген  елде 
оқытуды бағалау мен оқулық жасаудың негізгі іргетасына айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет