Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



Pdf көрінісі
бет131/189
Дата07.01.2022
өлшемі1,53 Mb.
#20020
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   189
Байланысты:
boribekova-kazirgi

I кезең. Өткенді қайталау.
Əр  түрлі  қиындықтарға  байланысты  оқушылардың  өзіндік 
жұмысы.
Бірінші  топ:  тапсырманы  түсінуде,  талап  ететін  өзіндік 
шығармашыл  жұмысты  орындайды;  2-ші  жəне 3-ші  топтардың 
жұмыстарын  бақылайды,  қиыншылық  туған  жағдайда  оларға 
көмекке келеді;  2-ші жəне 3-ші топтар үшін қайталанған материал 
бойынша қорытынды жеке тапсырмалар жасайды.
Екінші топ: өткен сабақта 1-ші топ оқушыларының дайындаған 
тірек  схемаларының  ережелерін  жасайды,  үлгі  бойынша  жұмыс 
жасайды; жаңа материалды меңгеруге қажетті ережелерді қайталай 
отырып, 3-ші топ оқушыларының үй тапсырмаларын тексереді.
Үшінші топ: жатталған ережені тəжірибеде қолданады, алдыңғы 
сабақта 1-ші  жəне 2-ші  топ  оқушылары  жұмыс  істеген  тірек 
схемалары  бойынша  өз  бетімен  жұмыс  істейді,  жаңа  материалды 
түсіндіру үшін материалды қайталайды.
II кезең. Жаңа білімді тəжірибеде  қолдану əдісіне байланысты 
барлық  топ  оқушыларына  мұғалімнің  материалды  фронталды 
түсіндіруі (барлық топ жұмыс істейді).
III кезең.  Барлық топ оқушыларының білімді меңгеру сапасын 
анықтау жəне меңгерген материалды тəжірибеде қолдана білуі.
Бірінші топ: білімін кеңейту жəне тереңдетуде өзіндік жұмысы, 
оқушылар өздерінің уақыты мен күшін керексіз қайталауға жұмсамау 
керек.
Екінші  жəне  үшінші  топ:  тірек  схемаларын  қолданып,  негізгі 
сұрақтар бойынша жаңа материалды екінші рет түсіндіру.
Екінші топ: тірек схемасы жəне үлгі бойынша өзіндік жұмысы.
Үшінші  топ:  жаңа  материалды  түсіндіруі  бойынша  түзету: 
1)  оқулық  бойынша  теориялық  жағдайы; 2) оқу  жұмысының 
дағдыларын  меңгеру  мақсатында  мұғалімнің  жетекшілігімен 
тақырыптық жаттықтыру жаттығулары.
IV  кезең.  Өзіндік  жұмысты  орындаудың  нəтижесін  тексеру 
үшінші топтан басталады, сосын екінші бірінші топпен аяқталады. 
Жаңа  тақырыпқа  байланысты  өзіндік  тапсырманы  үшінші  топ  екі 
рет  тыңдайды,  бірінші  топтың  өзіндік  жұмысының  орындалуын 
екінші жəне үшінші топ тыңдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет