Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш


 Тəжірибелік-эксперименттік



Pdf көрінісі
бет72/189
Дата07.01.2022
өлшемі1,53 Mb.
#20020
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   189
3. Тəжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру. 
Жаңа  педагогикалық  технологияларды  меңгеруге  оқытушы-
ларды  жалпы  ынталандырумен  қатар  оқу  орнында  тəжірибелі, 
белсенді,  бастамашыл,  ендірілетін  технологияның  мəні  мен 
мазмұнын  түсінген 8-12 оқытушылардан  тұратын  тəжірибелік-
эксперименттік топ құрған жөн.
  Оларға  барлық  оқытушыларға  қазіргі  заманғы  педагогикалық 
технологияны  меңгеруге  көмек  көрсету  қызметі,  өз  тəжірибесін 
демонстрациялау  жəне  талдау  жасау,  нəтижелерін  эксперименттік 
түрде тексеру міндеттері жүктеледі. 
Сонымен бірге оларға оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын 
қайта жасау, толықтырулар енгізуді қамтитын оқытушылардың қазіргі 
заманғы  педагогикалық  технологияның  ғылыми-əдістемеліктің 
қамтамасыз етілуіне көмектесу міндеті де қойылады.
Тəжірибенің  мақсаты – қолданылып  отырған  технологияның 
тиімділігін    мұқият  тексеріп,  оны  жүзеге  асырудың  ғылыми-
əдістемелік  базасын  жасап,  өз  тəжірибесіне  жəне  оқыту 
технологиясының 
теориялық 
негіздеріне 
сүйене 
отырып, 
инновацияны насихаттаудың негіздемесін дайындау. 
Оқытушылардың  эксперименттік  тобы  қазіргі  заманғы 
педагогикалық    технологияны  ендірудің  жалпы  жоспарына  сай 
келетін өз жоспарларымен жұмыс жасайды. Тəжірибе-эксперимент-
тік  жұмыстың  екінші  жылында  оған  қатысушы  оқытушылардың 
шеңбері  кеңейіп,  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияларды 
жаппай ендіру мəселесі қойылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет