6.1 Дебиторлық берешекті тану тəртібі
Мемлекеттік мекеменің дебиторлық берешектері активтерді тану
өлшемдерін сақтаған кезде актив ретінде танылады.
Дебиторлық қарыз (латынша debitum – қарыз, міндеттеме) – бұл мемлекет-
тік мекеменің алдында басқа тұлғалардың қарызы, есепте мекеменің мүлкі
болып көрініс табады, яғни қарыз алушыдан белгілі бір ақша сомасын (тауар,
қызмет жəне т.б. үшін) алу құқығы.
Құқық негізінде дебиторлық қарыз дегеніміз кез келген валютада ақшалай
соманың төлемін алу немесе талап ету құқығы (немесе ақша қаражаттарына
жеңіл аударылатын тауарлармен). Мүлік, мүліктік игілік жəне құндық бағасы
бар субъект құқығы ретінде танылған активтерді болашақта қолданудың
экономикалық тиімділігі – бұл субъектінің ақша қаражаттары ағымына
əлеуетті, тікелей немесе жанама салым болса, дебиторлық қарыз – активте
көрініс тапқан жəне заңдық құқықтармен, сонымен қатар иелік ету құқығымен
байланысты экономикалық пайда болып табылады.
Дебиторлық қарыз қаржылық есептіліктің бір элементін, яғни активтерді
көрсетеді. Қаржылық есептілікті дайындау мен ұсынудың тұжырымдамасына
сəйкес мекеменің активтері ресурстарды көрсетеді, яғни өткен кезеңдердің
оқиғаларының нəтижесінде ұйыммен бақыланатын, жəне де болашақта ме-
127
кеме одан экономикалық пайда күтетін ресурстар. Осыған орай дебиторлық
қарыз заңдармен байланысты болуы керек.
Активтің бір түрі ретіндегі дебиторлық қарыздың екі маңызды сипаттама-
сы бар: ақша қаражаттарының өсімін тікелей немесе жанама құруға мүмкіндік
беретін болашақтағы түсімді көрсетеді; мемлекеттік мекеме субъектісі
басқаратын ресурстарды көрсетеді.
Шаруашылық операциялардың нəтижесінде қалыптасқан мемлекеттік
мекеменің дебиторлық берешегі басқа мемлекеттік мекемелерді, заңды жəне
жеке тұлғаларды қосқанда басқа тұлғалардан тиесілі сома ретінде анықталады.
Субсидиялар бойынша дебиторлық берешек жеке жəне заңды тұлғаларға
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сəйкес қаражатты алған
сəттен бастап төлегенге дейін мемлекеттік мекеменің есебінде көрсетіледі
[6.1-сызба].
6.1-сызба
Достарыңызбен бөлісу: |