152
əлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында
көзделген мөлшерде жүргізіледі.
Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорына міндетті əлеуметтік есеп-
теулер сомасын есептеу мынадай жазбалармен жүзеге асырылады: 3122
«Əлеуметтік салық бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы
шотының дебеті жəне 3141 «Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорына
міндетті əлеуметтік аударымдар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық бере-
шек» қосалқы шотының кредиті; 3141 «Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру
қорына міндетті əлеуметтік аударымдар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық
берешек» қосалқы шотының дебеті жəне 1081 «Жеке қаржыландыру жоспа-
ры бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары»,
1091 «Жеке қаржыландыру жоспарына бойынша міндеттемелер қабылдауға
арналған жоспарлы тағайындаулары», 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы
шотының кредиті.
Мемлекеттік мекеме əлеуметтік салықты есептеуді мынадай жазбамен
көрсетеді: 7040 «Əлеуметтік салыққа арналған шығыстар» шотының дебеті
жəне 3122 «Əлеуметтік салық бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек»
қосалқы шотының кредиті.
Қызметкерлерге уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жəрдемақы есеп-
теу мынадай жазбамен көрсетіледі: 3244 «Уақытша еңбекке жарамсыздығы
жөнінде қызметкерлерге əлеуметтік жəрдемақы бойынша қысқа мерзімді
кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті жəне 3241 «Еңбекақы төлеу
бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы
шотының кредиті. Уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша есептелген
жəрдемақы сомасына əлеуметтік салық бойынша берешектің азаюы мына-
дай жазбамен көрсетіледі: 3122 «Əлеуметтік салық бойынша қысқа мерзімді
кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті жəне 3244 «Уақытша еңбекке
жарамсыздығы жөнінде қызметкерлерге əлеуметтік жəрдемақы бойынша қысқа
мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті. Уақытша еңбекке
жарамсыздық бойынша жəрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының еңбек
заңнамасында белгіленген нормалар шегінде жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: