9.2 Қорлардың кейінгі есебі жəне бағалануы
Қорлардың сақталуын жəне есепке дұрыс қойылуын қамтамасыз ету
мақсатында қойма есебін тиісті ұйымдастыруды қамтамасыз ету қажет.
Қорларды сақтау арнайы жабдықталған үй-жайларда (қоймаларда)
жүргізілуі тиіс.
Қоймалық үй-жайларда қорларды орналастыру тəртібі оларды қабылдау,
беру мен түгендеу жүргізу жөніндегі операциялардың жылдамдығын
қамтамасыз етуі тиіс. Бұл тұлғаларды ауыстыру қойманы түгендеумен жəне
мемлекеттік мекеме басшысы бекіткен қабылдау-тапсыру актілерін жасаумен
сүйемелденуі тиіс.
Қорларды сақтау орындары салмақ жабдықтарымен, өлшеу құралдарымен,
өлшеу ыдысымен жəне басқа бақылауға арналған құралдармен жабдықталуы
тиіс.
Қоймадағы материалдарды есепке алуды материалды жауапты тұлға ата-
уы, сұрпы мен саны бойынша ғана Нысандар альбомының М-17 нысанды ма-
териалдарды қоймалық есепке алу кітабында жүргізеді.
Кейіннен есепке алу кезінде қорлар екі шаманың ең кішісі бойынша
бағаланады – қорларды айырбасталмайтын операция тəсілімен сатып алу,
тегін тарату немесе атаулы құны бойынша тарату үшін сақтау, тегін таратуға
немесе атаулы құны бойынша таратуға жататын тауарларды өндіру процесінде
тұтыну жағдайларынан басқа өзіндік жəне таза сату құны.
Қорлардың бағалануы сызба ретінде келесідей көрсетуге болады:
201
9.2-сызба
Достарыңызбен бөлісу: |