206
9.3-кестенің жалғасы
5
Күрделi құрылыс үшiн
мердiгерлiк ұйымдарға
құрылыс материалдарын
беру
3210 Жеткізушілерге
жəне мердігерлерге
қысқа мерзімді
кредиторлық берешек
1311 Құрылыс
материалдары
6
Шаруашылық əдiспен
орындалатын жаңа
құрылыс нысандарына
жұмсалған құрылыс
материалдарын есептен
шығару
2411 Аяқталмаған
құрылыс
1311 Құрылыс
материалдары
7
Жұмсалған ұзақ
пайдаланылатын
материалдарды есептен
шығару
7060 Қорлар бойынша
шығыстар
2412 Материалдық
емес активтерге
күрделі салымдар
1312 Оқу, ғылыми
зерттеулер жəне басқа
мақсаттарға арналған
материалдар
8
Мемлекеттік мекеменің
есебiнен бордақыдағы
өлген төлдермен малдарды
есептен шығару
7410 Əділ құнының
өзгеруі бойынша
шығыстар
1319 Өзге
материалдар
2610 Жануарлар
9
Материалдармен тамақ
өнімдерін қайта өңдеуге
жіберу
8011 Материалдар
1310 Материалдар
1314 Тамақ өнімдері
10
Растайтын құжаттардың
негiзiнде жұмсалған
материалдар мен тамақ
өнiмдерiн есептен шығару
7060 Қорлар бойынша
шығыстар
1310 Материалдар
1314 Тамақ өнімдері
Құнсызданудан резерв құру есебінен құны бұрын төмендеген қорларды
есептен шығару: құрылған резерв сомасына – 1360 «Қорлардың құнсыздануына
арналған резерв» шотының дебеті жəне Шоттар жоспарының «Қорлар» бөлімі
шотының тиісті қосалқы шотының кредиті, бір мезгілде қорлардың баланстық
құнына – 7060 «Қорлар бойынша шығыстар» шотының дебеті жəне Шоттар
жоспарының «Қорлар» бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының кредиті
көрсетіледі.
Нақты кінəлілер анықталмаған жағдайларда, қорлардың бұзылудан, табиғи
апаттан (су тасқыны, өрт жəне басқа табиғи апаттар) шығыны кінəлі тұлғалар-
дың нақты жоқтығы мұқият тексерілгеннен жəне болашақта залал фактілерін
207
жібермеуге қажетті шаралар қолданылғаннан кейін ғана есептен шығарылады.
Бұзылудан қорлардың шығыны туындаған кезде шығыстар ретінде танылады:
7460 «Өзге шығыстар» шотының дебеті жəне Шоттар жоспарының «Қорлар»
бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының кредиті. Бос ыдысты қайтару немесе
сату кезінде сатып алу бағасы мен бос ыдыс сатылған баға арасындағы айырма
іс жүзіндегі шығыстарға жатқызылады: 7140 «Өзге операциялық шығыстар»
қосалқы шотының дебеті жəне 1319 «Өзге материалдар» қосалқы шотының
кредиті. Сатып алынған жəне бір мезгілде ағымдағы қажеттіліктерге берілген
кеңсе жабдықтары (қағаз, қаламсаптар, сиялар, қауырсындар жəне басқа кеңсе
жабдықтары), сондай-ақ дəрі-дəрмектер мен дайын дəрілер (спиртті, бай-
лау құралдары мен қымбат тұратын дəрі-дəрмектерді қоспағанда) кіріс пен
шығыс бойынша жалпы сомасын көрсету арқылы нақты шығындарға 1316
«Шаруашылық материалдары жəне кеңсе жарақтары» қосалқы шотында есеп-
тен шығарылады.
Арнайы киім мен жеке қолданысқа арналған басқа заттардың бірлігіне
екі айлық есептік көрсеткіш шегіндегі құны қоймадан берілгенде мынадай
тізбекпен есептен шығарылады: 7060 «Қорлар бойынша шығыстар» шотының
дебеті жəне Шоттар жоспарының «Қорлар» бөлімі шотының тиісті қосалқы
шотының кредиті. Құны бір бірлігі үшін екі айлық есептік көрсеткіштен аса-
тын көрсетілген қорлар белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін мемлекеттік
мекеменің тұрақты əрекет ететін комиссиясының есептен шығару туралы
актісінің негізінде есептен шығарылады.
Кейбір қорлар басқа активтердің шотына жатқызылуы мүмкін, мысалы,
негізгі қаражаттың дербес өндірілген құрауышы ретінде пайдаланылған қор:
«Негізгі құралдар» бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының дебеті жəне Шот-
тар жоспарының «Қорлар» бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының кредиті.
Осылайша бөлінген қорлар осы активтің қызмет ету мезімі ішінде шығыс
ретінде (амортизацияны есептеу) танылады.
Достарыңызбен бөлісу: