Студенттердің іскерлік дағдыларын
қалыптастыруға арналған тапсырмалар
1-есеп
Есептік жылдың 15 наурызында мекеме компьютерлік техниканы 28 520
теңгеге, бюджеттік қаржыландырудан иемденді. Компьютерлік техниканың
амортизациялық нормасы 25%. Амортизациялық аударымның қандай сомасы
мемлекеттік мекеменің есебінде есептік кезеңді болу керектігін, мемлекеттік
мекеменің есебінде қалай көрініс табатынын анықтаңыз.
А) Дт 7110 «Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыс-
тар» 7130
Кт 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» 7130
Дт 5011 «Күрделі салымдарды бюджет есебінен қаржыландыру» 7130
Кт 6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан алынатын кірістер» 7130
В) Дт 7110 «Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыс-
тар» 6417
Кт 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» 6417
Дт 5011 «Күрделі салымдарды бюджет есебінен қаржыландыру» 6417
Кт 6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан алынатын кірістер» 6417
С) Дт 7110 «Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыс-
тар» 7130
Кт 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» 7130
Дт 5011 «Күрделі салымдарды бюджет есебінен қаржыландыру» 7130
Кт 1082 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған
жоспарлы тағайындаулар» 7130
Д) Дт 7110 «Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар»
5347
Кт 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» 5347
Дт 5011 «Күрделі салымдарды бюджет есебінен қаржыландыру» 5347
Кт 6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан алынатын кірістер»
5347
Е) Дт 7210 «Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар»
5347
Кт 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» 5347
2-есеп
Мекеме 49 000 теңге тұратын машинаны сатып алды. Жеткізуші 1700
теңгеге сатылым жеңілдігін жасады. Машинаны орнату құны 2150 теңге.
Мемлекеттік мекеменің есебінде машинаның өзіндік құны қанша болуы керек?
А) 47 750;
В) 49 000;
245
С) 49 450;
Д) 47 300;
Е) 46 300.
3-есеп
01.01.2009 жылы мекеме құны 25 000 теңге тұратын ксерокс сатып алды
жəнеоны 25% бірқалыпты əдісімен амортизациялады. 01.01.2012 жылы
аппараттың тиімділігін жоғарылату үшін жəне сервистік потенциалды көбейту
мақсатына 15 000 теңге жұмсалды. 31.12.2012 ж. бухгалтерлік баланста қандай
амортизациялық аударымдар жүргізіледі?
А) 8 750;
В) 6 250;
С) 7 500;
Д) 10000;
Е) 650.
Жауабы:25000+15000=40000*25%/100%
4-есеп
Егер осы есептің басқа жағдайлары өзгермей, тек сервистік потенциалды
көбейту мақсатына 15 000 теңгенің орнына 25000 тенге жұмсалса, есептің
шешімі қалай өзгерер еді?
5-есеп
Мекеме 2011 жылдың 1 қаңтарында 96 000 теңгеге ксерокс сатып алды.
Машинаның пайдалы қызметінің мерзімі 3 жылға бағаланады. Ксерокстің пай-
далану мерзімінде өндірістің күткен бірліктері:
20Х1 12 000 бірлік
20Х2 7 000 бірлік
20Х3 5 000 бірлік
Ксероксті амортизациялау тəсілін тиімді пайданлану барысында 2012
жылдың амортизациялық аударымы қанша?
А) 27 000;
В) 21 875;
С) 23 625;
Д) 28 000;
Е) 27 000.
Жауабы: 96000/(12000+7000+5000)*7000=28000.
246
6-есеп
Мекеме жаңа өндірістік жабдықтарды сатып алу жəне орнату үшін келесі
шығындарды шығарды (белгілі бір ақша бірлігінде):
Сатып алу кұны 2000
Жеткізу шығындары 100
Жаңа қондырғыларды орнату 500
Алғашқы сынақ жəне калибрлеу 400
Орнату барысында зақымданған еден мен қабырғаны жөндеу 70
Жабдықтың өзіндік құны құрайды.
А) 3 000;
В) 3 070;
С) 3 500;
Д) 3 70 ;
Е) 3 570.
Жауабы: 2000+100+500+400 = 3000
7-есеп
2012 жылдың 1 қаңтарда құны 3 000 теңгеге жабдық сатып алды. Қызмет
ету мерзімі – 20 жыл, өндірімділік – 20000 мың бірлік, таратушы құны нөлге
тең. Бірқалыпты амортизация əдісімен 2012 жылы есептелген амортизация
шығынының сомасы құрайды:
А) 20;
В) 150;
С) 100;
Д) 200;
Е) 20.
8-есеп
Сендердің мекемелерін компьютерді 160 000 теңгеге сатып алды. Жыл
сайын амортизациясы 30 000 теңге. Үш жылдан кейін аталмыш компьютерді
40000 теңгеге сату туралы үкім түсті. Айтылмыш операцияның қорытындысы
бухгалтерлік теңгерімнің қосымша №1 шаруашылық нəтижелерінің
қорытындысы есебінде қалай көрініс табады?
А) Табыс 30 мың теңге;
В) Шығын 35 мың теңге;
С) Табыс 25 мың теңге;
Д) Шығын 5 мың теңге;
Е) Табыс 20 мың теңге.
247
Достарыңызбен бөлісу: |