Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет28/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   481
Инвестициялық жылжымайтын мүлік

Инвестициялық  жылжымайтын  мүлiк  бастапқы  танылғанда  өзiндiк  құн 

бойынша, яғни нақты шығындар бойынша көрсетіледі.

Егер  нысанның  бөлігі  жалақы  алу  үшін  немесе  капиталды  өсіру  үшін 

қолданылса,  ал  бөлігі – əкімшілік  мақсаттарға,  онда  нысанның    мұндай 

бөліктері  бір-біріне  қатыссыз  іске  асырылуы  мүмкін  болса,  мемлекеттік  ме-




33

кеме  нысанның  көрсетілген  бөліктерін  бөлек-бөлек  ескереді.  Егер  де  нысан 

бөліктерін жеке-жеке іске асыру мүмкін болмаса, онда нысан инвестициялық 

жылжымайтын мүлік болып, тек оның анағұрлым бөлігі əкімшілік мақсаттарға 

ғана арналады. 

Инвестициялық  жылжымайтын  мүлікті  келесі  есепке  алуды  мемлекеттік  

мекеме  нақты  шығындар  бойынша  модельді  қолдана  отырып жүзеге асыра-

ды: актив ретінде танылғаннан кейін инвестициялық жылжымайтын мүлік ны-

санын есепке алу кез келген жинақталған амортизацияны жəне шығындардың 

құнсыздануы нəтижесінде жинақталған кез келген оның өзіндік құны бойын-

ша жүргізіледі.

Мемлекеттік  мекеме  ай  сайын  инвестициялық  жылжымайтын  мүліктің 

амортизациясын  тең  есептеу  əдісімен,  №1308  қаулымен  белгіленген  негізгі 

құралдар  үшін  амортизацияның  жылдық  нормаларын  қолдана  отырып 

есептейді.

Инвестициялық жылжымайтын мүліктің таратушы құны нөлге тең.

Инвестициялық  жылжымайтын  мүліктің  құнынан 100% асқан  амортиза-

цияға есептеу жүргізілмейді.

Инвестициялық  жылжымайтын  мүліктің  нысаны  тұрып  қалғанда  немесе 

белсенді қолданылмаса жəне шығып қалу үшін ұсталынса, амортизация толық 

амортизацияланғанға дейін тоқтатылмайды.

Есеп  жылының  соңында  өткізілген  түгендеу  қорытындылары  бойынша,   

бюджеттік бағдарламалар əкімшілерімен  келісілген, мемлекеттік мекеме бас-

шысы бұйрығына  сəйкес құрылған түгендеу комиссиясының актісі негізінде 

егер орны толтырылатын құн осы активтің баланстық құнынан төмен болса,  

есепте  инвестициялық  жылжымайтын  мүлік  нысанының  құнсыздану фактісі 

жазылады. Түгендеу  актісінде құнсызданудың себептері көрсетілу тиіс.

Негізгі  инвестициялық  жылжымайтын  мүліктерді  түгендеу  мемлекеттік 

мекемелердің  бухгалтерлік  есебі  мен  қаржылық  есептілігі  саласындағы 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады. 

Активтер  құнының  құнсыздану  есебі  Бухгалтерлік  есеп  ережесінің 

«Активтердің құнсыздануы» бөлімінің қағидаларына сəйкес жүзеге асырыла-

ды.

Инвестициялық  жылжымайтын  мүлік  санатына  ауыстыру  немесе  одан 



алып  тастау  тек  оны  қолдану  тағайындауы  өзгергенде  жүргізілу  керек. 

Инвестициялық  жылжымайтын  мүлікті  негізгі  құралдар  немесе  қорлар  не 

керісінше ауыстыру ауыстырылатын нысандардың баланстық құнын өзгертусіз 

жүргізіледі.

Негізгі  инвестициялық  жылжымайтын  мүліктерді  мемлекеттік  мүлікті 

басқару  жəне  мемлекеттік  мекемелердің  бухгалтерлік  есебі  мен  қаржылық 

есептілігі  саласындағы  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сəйкес 

жүзеге асырылады. 

Инвестициялық  жылжымайтын  мүлікті  есепке  алу  тəртібі  Бухгалтерлік 



34

есеп  ережесінің  «Инвестициялық  жылжымайтын  мүлікті  есепке  алу  тəртібі» 

бөлімінде анықталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет