Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Бағалау міндеттемелерін, шартты міндеттемелерді жəне шарт-



Pdf көрінісі
бет334/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   481
19.1 Бағалау міндеттемелерін, шартты міндеттемелерді жəне шарт-

ты активтерді есепке алуын ұйымдастыру 

Активтердің амортизациясы, құнсыздануы жəне күмəнді қарыздар бағалау 

міндеттемелеріне  жатпайды,  бұл  баптар  активтердің  баланстық  құнының 

түзетілімі болып саналады жəне бұл бөлімде қарастырылмайды.

Мемлекеттік  мекеменің  бағалау  мiндеттемелерін  есепке  алуға  арналған 

шоттар:


3310 «Қысқа мерзiмдi бағалау мiндеттемелері»;

3320 «Қысқа мерзiмдi кепiлдiк мiндеттемелері»;

4210 «Ұзақ мерзiмдi бағалау мiндеттемелері»;

4220 «Ұзақ мерзiмдi кепiлдiк мiндеттемелері».

Бағалау міндеттемелері мынадай жағдайларда танылады: 

 

– мемлекеттік  мекеменің  қандай  да  бір  өткен  оқиға  бойынша  туған 



міндеттемесі бар (заңды немесе тəжірибеден туындайтын);

 

– міндеттемені реттеу үшін экономикалық тиімділігі бар қорларды шығару 



қажет деп тану ықтималдығы бар; 

 

– міндеттеме мөлшерінің сенімді есептік бағалауын келтіруге болады. 



Егер  бұл  шарттар  орындалмаса,  онда  бағалау  мiндеттемелері  танылмауы 

тиіс. 


Заңды мiндеттеме əдетте шарт немесе заңнама əсерiнiң нəтижесiнде пайда 

болады.


Бухгалтерлік есепте бағалау міндеттемесін таныған кезде мынадай тізбек 

беріледі: 7450 «Резервтерді  құру бойынша шығыстар» шотының дебеті жəне 




362

3310 «Қысқа мерзiмдi бағалау мiндеттемелері», 4210 «Ұзақ мерзiмдi бағалау 

мiндеттемелері» шотының кредиті.

Бағалау  міндеттемесі  ретінде  танылған  сома  есепті  күнге  ағымдық 

міндеттемені  өтеуге  қажет  шығындардың  ең  жоғары  есептік  бағасы  ретінде 

болуы тиіс.  

Бағалау  міндеттемесі  ретінде  танылған  сома  есепті  күнге  ағымдық 

міндеттемені  өтеуге  қажет  шығындардың  ең  жоғары  есептік  бағасы  ретінде 

болуы тиіс.  

Ағымдағы  міндеттемені  өтеуге  қажет  шығындардың  ең  жоғары  есептік 

бағасы – бұл  субъекті  есепті  күнге  міндеттемені  өтеу  үшін  төлеуі  немесе 

үшінші тарапқа аударуы мүмкін сома. 



19.1-сызба



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет