22.1 Баланстан тыс шоттар есебі жəне құжаттық рəсімделуі
Талдама есепке алу Нысандар альбомының 296-а нысанды карточкаларын-
да жүргізіледі:
– жалға алынған активтер – активтердің əр нысаны бойынша жалға
берушілер бойынша (жалға берушінің түгендеу нөмірлері бойынша);
– иегер мемлекеттік мекемелер, тапсырыс берушілер, түрлері, сұрыптары
жəне сақталу орны, шартты бағалары немесе сатып алу бағалары бойынша –
жауапты сақтауға қабылданған немесе орталықтандырылған жабдықтау бо-
йынша төленген қорлар;
– мерзімді баспаның əр түрі бойынша – мерзімді баспаларға ведомстволық
жазылу бойынша абонементтер;
– борышкердің тегін, атын жəне əкесінің атын көрсету арқылы – төлем
қабілетсіз дебиторлардың берешегі;
– жолдама түрлері, саны жəне нақты бағасы бойынша – жолдамалар (жол-
дамалар ақшалай құжаттармен бірге кассада сақталуы тиіс);
– əр оқушы мен студент бойынша – оқушылар мен студенттердің берешегі;
– əр зат пен оның құны бойынша – ауыспалы спорттық сыйлықтар мен
кубоктар;
– жолдама түрлері, саны жəне нақты бағасы бойынша – жолдамалар (жол-
дамалар ақшалай құжаттармен бірге кассада сақталуы тиіс);
– атаулары, орналасқан жерлері жəне материалдық жауапты тұлғалар бо-
йынша – əскери техникалық оқу құралдары.
Қатаң есептілік бланкілерінің талдама есебі алу əр бланк түрі жəне
сақталу орны бойынша Нысандар альбомының 448 нысандағы қатаң есептілік
бланкілерін есепке алу кітабында жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |