Қызметтік бірліктер əдісі
Активтің пайдалы əлеуетінің қалдығының дисконтталған құны актив
құнсызданған кезде күтілетін азайған қызметтік бірліктердің санымен келістіру
үшін активтің пайдалы əлеуетінің ағымдағы қалдық құнын құнсыздануға
дейін азайту жолымен анықталады. Активтің құнсыздануға дейінгі пайдалы
əлеуетінінің ауыстыру қалдығының ағымдағы құны қайсысының кем екеніне
қарай құнсыздануға дейінгі қалпына келтірудің амортизациялық құны немесе
активтің амортизацияланған ауыстыру құны ретінде анықталады.
Пайдалану құндылығын өлшеу үшін неғұрлым оңтайлы тəсілді таңдау бар
деректерге жəне құнсыздану түріне байланысты:
– технологиялық, заңнамалық немесе саяси ортадағы ұзақ мерзімді елеулі
өзгерістер нəтижесінде анықталған құнсыздану қажет болған жағдайда
– ауыстырудың амортизацияланған құны ұстанымын немесе қызметтік
бірліктер ұстанымын қолдана отырып өлшенеді;
– пайдалану дəрежесі мен тəсілінде ұзақ мерзімді елеулі өзгерістер
нəтижесі ретінде анықталған, оның ішінде сұраныстың тоқтатылуы неме-
се толықтай дерлік тоқтатылуы нəтижесінде анықталған құнсыздану қажет
болған жағдайда ауыстырудың амортизацияланған құны ұстанымын немесе
қызметтік бірліктер ұстанамын қолдана отырып өлшенеді;
406
– іс жүзінде зақымдану нəтижесі ретінде анықталған құнсыздану қажет
болған жағдайда қалпына келтіру құнының ұстанымын немесе ауыстырудың
амортизацияланған құнының ұстанамын қолдана отырып өлшенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |