24.1 Орталықтандырылған жабдықтау бойынша бір бюджетте
тұрған тапсырыс беруші мен жүк алушы арасында туындайтын
орталықтандырылған жабдықтау жөніндегі операцияларды есепке
алу тəртібі
Активтер үшін өнім берушімен есеп айырысуларды тапсырыс беруші
мемлекеттік мекемелерді орталықтандырылған жабдықтау ретінде 3210
«Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық бере-
шек» шотында ескереді. Өнім берушінің шотын төлегенде тапсырыс беруші
3210 «Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық
берешек» шотын дебеттейді жəне 1080 «Республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке
қаржыландыру жоспарына сəйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жос-
парлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспа-
рына сəйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары»
шотын кредиттейді.
Жүкті алушыға жіберілген құндылықтарға өнім берушіден алынған,
ұсынылған құжаттар (шоттар, жүк құжаттар жəне басқа құжаттар) негізінде
тапсырыс беруші осы құндылықтардың сомасына 7140 «Өзге операциялық
шығыстар» шотының дебеті жəне 3210 «Жеткізушілерге жəне мердігерлерге
қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті бойынша жазба
411
жүргізеді. Осымен бір мезгілде тапсырыс беруші жүкті алушы мемлекеттік
мекемеге немесе орталықтандырылған бухгалтерияға хабарлама хат жібереді.
Хабарлама хатқа жүкті алушының мекен-жайына жіберілген материалды
құндылықтарға жеткізуші шотының көшірмесі ұсынылады.
Жүкті алушының бухгалтерлік өнім берушінің жіберілген материалды
құндылықтарына хабарлама мен шоттар көшірмесін алғаннан кейін жүкті
алушының мекен-жайына мынадай жазбаларды жүргізеді:
– ұзақ мерзімді активтердің құрамына кіретін, түскен жабдықтың немесе
басқа заттардың сомасына Шоттар жоспарының ұзақ мерзімді активтерінің
тиісті қосалқы шотын/шотын дебеттейді жəне 5011 «Күрделі салымдарды
бюджет есебінен қаржыландыру» қосалқы шотын кредиттейді;
– түскен материалдардың, қайтарылатын бос ыдыстар, сондай-ақ киім-
кешек, төсек орын, киім мен аяқ-киім сомасына 1310 «Материалдар»
шотының тиісті қосалқы шоттарын дебеттейді жəне 6010 «Ағымдағы қызметті
қаржыландырудан алынатын кірістер» шотын кредиттейді;
– өнім беруші жіберген, бірақ хабарлама хат алған сəтке дейін түспеген
құндылықтардың сомасына 1350 «Жолдағы қорлар» шотын дебеттейді жəне
6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер» шотын
кредиттейді.
Бұл құндылықтарды алғаннан кейін 1310 «Материалдар» шотының тиісті
қосалқы шоты дебеттеледі жəне 1350 «Жолдағы қорда» шоты кредиттеледі.
Тапсырыс беруші жүкті алушы қабылдаған кезде анықталған жетіспеушілік
пен құндылықтардың бүліну сомасына немесе заттардың жиынтығы жетпеген
сомаға жүкті алушыдан келіп түскен дұрыс ресімделген актілер негізінде 3210
«Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»
(өнім беруші немесе көліктік мемлекеттік мекеме) шотының дебеті жəне 7140
«Өзге операциялық шығыстар» шотының кредиті бойынша жазба жүргізеді.
Өнім берушіге қайтарылатын ыдысты жіберген кезде жүк алушының
бухгалтерлік қызметі тапсырыс берушіге жеткізушімен есеп айырысу үшін
санын, бағасын жəне құнын көрсету арқылы ыдыстың жіберілуін растайтын
барлық құжаттарды салып жібереді. Бұл операциялар бойынша жүкті алушы
6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер» шотының
дебеті жəне қайтарылатын ыдыс сомасына 1319 «Өзге материалдар» қосалқы
шотының кредиті бойынша жазбалар жүргізеді.
Тапсырыс беруші бұл операциялар бойынша мынадай жазбаларды
жүргізеді:
– жүкті алушыдан жіберілген қайтарылатын ыдысқа құжаттарды алғанда
жəне ол үшін өнім берушіге шоттар көрсеткенде (бос ыдысты сатып алу бағасы
бойынша) ұсынылған шот сомасына 3210 «Жеткізушілерге жəне мердігерлерге
қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотын дебеттейді жəне 7140 «Өзге
операциялық шығыстар» шоты кредиттейді, бос ыдысты сатып алу бағасы мен
өнім берушіге ыдыс қайтарылған баға арасындағы сома айырмасына 7140
412
«Өзге операциялық шығыстар» шотын дебеттейді жəне 3210 «Жеткізушілерге
жəне мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотын кредиттейді;
– қайтарылған ыдыс үшін ақша алғанда 1080 «Республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке
қаржыландыру жоспарына сəйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жос-
парлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспа-
рына сəйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары»
шотын дебеттейді жəне 3210 «Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа
мерзімді кредиторлық берешек» шотын кредиттейді. Егер қайтарылатын ыдыс
былтыр сатылып алынса, тапсырыс беруші бұл соманы ол қаржыландырылатын
бюджет кірісіне енгізеді.
Жүкті алушы мемлекеттік мекеме бюджеттік бағдарламалар əкімшісіне
(тапсырыс берушіге) тікелей бағынбаған жағдайларда, соңғысы осы
мемлекеттік мекеменің материалдық құндылықтарымен орталықтандырылған
жабдықтау бойынша операцияны есепке алуды мемлекеттік мекеме арқылы
жүргізеді.
Бюджеттік бағдарламалар əкімшісі (тапсырыс беруші) бұл операциялар бо-
йынша мемлекеттік мекемеге орталықтандырылған жабдықтау тəртібімен оған
ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеменің құндылықтарын жіберуге
хабарлама хаттың көшірмесін жібереді, бір мезгілде жіберілген құндылықтар
құнының сомасын мемлекеттік мекемемен қаржыландыру бойынша есеп
айырысуларға 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотының дебетіне жəне
3210 «Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық бере-
шек» шотының кредитіне жатқызады.
Мемлекеттік мекеме есепте төлеу туралы хабарлама хатының көшірмесін
алғанда тікелей оған бағынатын мемлекеттік мекемелерге тиеп қойылған
активтердің орталықтандырылған тəртібінде активте 6010 «Ағымдағы қызмет-
ті қаржыландырудан алынатын кірістер» шотының дебеті (ведомстволық
бағынысты мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру бойынша есеп айыры-
сулар) жəне пассивте 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотының кредиті
бойынша (қаржыландыру бойынша бюджеттік бағдарламалар əкімшісімен
есеп айырысулар) көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |