Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Мемлекеттік мекемені бухгалтерлік есепті жүргізу жəне



Pdf көрінісі
бет62/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   481
Байланысты:
17-06-2014 Шарипов для дауир

3.1 Мемлекеттік мекемені бухгалтерлік есепті жүргізу жəне 

қаржылық есептілікті жасау

Қаржы жағдайы, қаржы жағдайындағы өзгерістер мен қызмет нəтижелері 

туралы  толық  жəне  анық  ақпарат  беру  бухгалтерлік  есеп  пен  қаржылық 

есептіліктің мақсаты болып табылады.

Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебінде операциялар мен оқиғалар 

Қазақстан  Республикасы  Қаржы  министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы   

№281  бұйрығымен  бекітілген  (Нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік 

тіркеу  тізілімінде  №6314  болып  тіркелген)  Мемлекеттік  мекемелердің 

бухгалтерлік  есеп  шоттарының  жоспары  (бұдан  əрі – Шоттар  жоспары) 

негізінде көрсетіледі. 

Мемлекеттік мекеменің басшысы бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу үшін 

жағдайлар  жасайды,  есепке  қатысы  бар  мемлекеттік  мекемелердің  барлық 

бөлімшелерінің жəне қызметкерлерінің құжаттар мен мəліметтерді есепке алу 

үшін рəсімдеу мен ұсынудың тəртібіне қатысты талаптардың мүлтіксіз орын-

дауын қамтамасыз етеді. 

Мемлекеттік  мекемеде    бухгалтерлік  есепті  оның  дербес  құрылымдық 

бөлімшесі болып табылатын мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік қызметі не-

месе  бас  бухгалтер  басқаратын  орталықтандырылған  бухгалтериясы  жүзеге 

асырады.



59

Бюджеттік  бағдарламалардың  əкімшілері  бюджетті  атқару  жөніндегі 

орталық  уəкілетті  органмен  келісім  бойынша  өз  жүйесінің  мемлекеттік 

мекемелерінде  олардың  қызметінің  ерекшелігін  ескере  отырып  жəне 

мемлекеттік  мекемелерде  бухгалтерлік  есеп  жүргізуді  жəне  есеп  саясатын 

сақтай отырып, бухгалтерлік есеп жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тəртібі 

туралы нұсқаулар беруі мүмкін. 

Бухгалтерлік қызметі жоқ мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп пен 

есептілікті  мекеме  басшысының  жазбаша  өкімімен  тағайындалған  тиісті  ма-

ман жүзеге асырады.

Орталықтандырылған  есепке  алу  бюджеттік  бағдарламалар  əкімшісінің 

бұйрығымен  бекітілетін  Орталықтандырылған  бухгалтерия  туралы  ережеге 

сəйкес жүзеге асырылады.

Орталықтандырылған  бухгалтерия  қызмет  көрсетілетін  мемлекеттік 

мекемелердің  басшыларына  осы  мемлекеттік  мекемелер  басшыларының 

келісімімен  орталықтандырылған  бухгалтерияның  бас  бухгалтері  белгілеген 

мерзімде қаржы есептілігін ұсынады.

Бухгалтерлік  қызметтердің  басшылары  өз  жұмыстарында  Қазақстан 

Республикасының Бюджет кодексін, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік 

есеп пен қаржылық есептілік жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жəне 

бухгалтерлік  есеп  пен  қаржылық  есептілікті  қалыптастыру  басқармалары 

(бөлімдері) туралы ережелерді басшылыққа алады.

Мемлекеттік мекеменің бас бухгалтері лауазымына басшы тағайындайды 

жəне босатады жəне мемлекеттік мекеменің басшысына тікелей бағынады.

Мемлекеттік  мекеменің  бас  бухгалтері  барлық  жүзеге  асырылатын 

шаруашылық  операцияларының  бухгалтерлік  есеп  шотында  көрінуі  мен 

бақылануын, шұғыл операцияның ұсынылуын, қаржы есептілігінің белгіленген 

мерзімде жасалуын қамтамасыз етеді.

Бас бухгалтер мемлекеттік мекеме басшысымен бірлесіп банк құжаттарына 

жəне материалдық құндылықтарды жəне ақша қаражатын қабылдау мен беру-

ге негіз болатын құжаттарға, сондай-ақ қаржы міндеттемелері мен мемлекеттік 

сатып алу туралы шарттарға қол қояды. Мемлекеттік мекеменің басшысы бас 

бухгалтердің ұсынымы бойынша банк құжаттары мен бухгалтерлік құжаттарға 

қол қою құқығын уəкілетті тұлғаларға бере алады.Осы өкілеттіктер мемлекеттік 

мекеме басшысының бұйрықтары негізінде жүргізіледі.

Бас  бухгалтердің  немесе  оны  алмастыратын  тұлғаның  қолтаңбасыз 

құжаттар жарамсыз болып есептеледі жəне орындалуға қабылданбайды.

Бас бухгалтер атқаратын лауазымынан босатылған (жұмыстан шығарылған, 

басқа  жұмысқа  тағайындалған,  ауыстырылған)  кезде  Қазақстан  Республи-

касы еңбек заңнамасына сəйкес лауазымға   тағайындалған бас бухгалтерге, 

ал  соңғысы  болмаған  кезде  мемлекеттік  мекеме  басшысының  бұйрығымен 

тағайындалған қызметкерге істерді тапсыру жүргізіледі. 

Істерді тапсырушы бас бухгалтердің (бұдан əрі – тапсырушы) жəне істерді 



60

қабылдаушы қызметкердің (бұдан əрі – қабылдаушы) істерді тапсыруы жəне 

қабылдауы мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.

Бұйрықта бухгалтерлік қызмет істерінің қабылдау-тапсыру мерзімі, бірақекі 

аптадан аспауы тиіс; тапсырушы мен қабылдаушының еңбекақы төлеу тəртібі 

көрсетіледі. Бұйрықта сондай-ақ, істерді қабылдау-тапсыру кезеңінде қол қою 

құқығы кімге берілетіні көрсетіледі, бұл ретте қабылдаушы тұлғаның қол қою 

құқығын рəсімдегенге дейін құжаттарға қабылдаушының бақылауымен істерді 

тапсырушы қол қоятыны келісілуі тиіс.

Бухгалтерлік қызмет істерін тапсыру соңғы ұсынылған баланстың негізінде 

жүргізіледі.  Қабылдап  алу-беру  актісінде  істерді  беруді  жүзеге  асыру  күні 

көрсетілуі тиіс.

Істерді  қабылдау  жəне  тапсырудың  басында  істерді  қабылдау-тапсыру 

кезіндегі кассаның (қолда бар ақша қаражатының сақталуына тиісті жағдайлар 

қамтамасыз етілген бе, кассада сақталатын басқа құндылықтар бойынша жағдай 

жəне  олардың  бухгалтерлік  жазбаларға  сəйкестілігі,  чек  кітапшаларының, 

қолданылмаған чектер нөмірлерінің болуы) жағдайы тексеріледі.

Кассадағы  қолма-қол  ақшаның  қалдығын  тексеру  актісіне  (онда 

ерекшеліктер  бойынша  ақша  қаражатының  қалдық  сомасы,  соңғы  шығыс 

жəне кіріс ордерлерінің нөмірлері мен күні көрсетіледі) бухгалтерлік қызмет 

істерін  тапсырушы  жəне  қабылдаушы  адам,  сондай-ақ  кассир  не  кассалық 

операцияның жүргізілуіне жауап беретін тұлға  қол қояды.

Істерді қабылдау жəне тапсыру кезінде ақшалай есептің, есептеу операция-

ларын есептеу жағдайы, есептеу баптары балансының жағдайы (дебиторлық 

жəне  кредиторлық  берешектің  нақтылығы,  осыған  кінəлі  тұлғалардың 

көрсетілуімен өндіріп алуға болмайтын берешектің болуы, өзара есептесудің 

салыстыру  актісінің  болуы,  бюджетке  уақытылы  аударылмаған  сомалардың 

болуы), сондай-ақ мемлекеттік мекеменің қаржы есептілігінің жасалуы (есеп 

тəртібінің сақталуы, ұсынылатын есептің сапасы) тексеріледі.

Бұдан басқа қабылдап алу-беру актісінде:

•  бухгалтерлік  қызметте  есепті  ұйымдастырудың  жағдайы  (штат, 

оның  жинақталуы,  міндеттердің  бөлінуі,  лауазымдық  нұсқаулықтар, 

бухгалтерлікесеп  пен  есептілік  бойынша  нұсқаулық  материалдардың  болуы, 

бухгалтерлік кітаптармен, есеп пен есептілік бланкілерімен қамтамасыз етілуі), 

есеп жүйесінің қалыптасуы;

•  есептің, бухгалтерлік есептіліктің алғашқы құжаттамасының жағдайы;

•  есеп пен қаржылық бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті іс-шаралар;

•  құжаттардың ресімделуінің жəне сақталуының дұрыстығы, мұрағаттың 

жағдайы көрсетіледі.

Мемлекеттік мекеменің есебі мен есептілігінің жағдайын тексеруді аяқтау 

бойынша жасалған қабылдап алу-беру актісіне істерге қабылдаушы мен тап-

сырушы қол қояды жəне мемлекеттік мекеменің басшысы бекітеді. Қабылдап 




61

алу-беру  актісінің  қандай-да  бір  ережелерімен  қабылдаушы  келіспеген 

жағдайда, ол оған қол қойғанда тиісті дəлелденген ескертулерді көрсету тиіс. 

Қабылдап  алу-беру  актісі  екі  данада  жасалады,  оның  біреуі  істі  тапсырушы 

тұлғада қалады.  

Мемлекеттік  мекемелердегі  бухгалтерлік  қызметтер  мемлекеттік 

мекемелердің  бухгалтерлік  есеп  пен  қаржылық  есептілігі  саласындағы 

Қазақстан  Республикасының  заңнамасының  сақталуын,  қаржыландыру 

жоспарының  орындалу  барысын,  ұйымдармен,  мемлекеттік  мекемелер-

мен  жəне  тұлғалармен  есеп  айырысудың  жағдайын,  ақша  қаражаты  мен 

материалдық  құндылықтардың  сақталуын  бақылау  үшін  толық  жəне  нақты 

ақпаратпен мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етуі тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет