4.6 Ақша қаражаты жəне олардың баламалары есебі жəне олардың
танылуы
Мемлекеттік мекемелердің кассалары қолма-қол ақшаны қабылдауды
бас бухгалтер немесе ол уəкілеттік берген тұлға қол қойған кіріс кассалық
ордерлері бойынша, соңғылары мен кассирдің қолы қойылған, кассир мөрімен
(мөртабанымен) расталған түбіртек беру арқылы жүргізеді.
Кассалардан қолма-қол ақшаны беру Нысандар альбомының КО-2 нысаны
бойынша шығыс кассалық ордерлері КО-2 нысаны бойынша мақсатына сай
жүргізіледі.
Кассирді жұмысқа тағайындау туралы бұйрық шыққаннан кейін мемлекеттік
мекеменің басшысы кассирге қол қойдыра отырып, Қазақстан Республи-
касы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 тамыздағы
№331 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеу тізілімінде №5760 болып тіркелген) Кассалық операциялар жүргiзу,
мемлекеттiк мекемелердiң кассаларындағы жəне карт-шотындағы қолма-қол
ақша қалдығының лимитiн анықтау ережесiмен таныстыруға міндетті, со-
дан кейін кассирмен немесе оны алмастыратын тұлғамен толық материалдық
жауапкершілік туралы шарт жасалады.
Жұмыс істейтіндердің саны аз, штатта кассирі жоқ мемлекеттік мекемелер-
де кассирдің міндеттерін мемлекеттік мекеме басшысының жазбаша өкімі бо-
йынша, онымен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасаса оты-
рып басқа қызметкер орындай алады.
Егер мемлекеттік мекемеде бюджеттік шот бойынша, ақылы қызметтер
ҚБШ бойынша, демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ бойынша жəне
ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ бойынша ақшалай операциялар бол-
са, мемлекеттік мекемелерде кассалық операцияларды есепке алу кассалық
кітапта Нысандар альбомының КО-4 немесе 440 нысаны бойынша жүргізіледі.
Əрбір кассалық ордер бойынша ақшаны алғаннан не бергеннен кейін,
кассир дереу касса кітабына жазбалар жүргізеді. Күн сайын, жұмыс күнінің
аяғында кассир бір күндегі операциялардың қорытындысын санайды, келесі
күнге қалған кассадағы ақшаның қалдығын шығарады жəне бухгалтерияға
кассир есебі ретінде екінші жыртпалы бетті (бір күндегі касса кітабындағы
жазбалардың көшірмесін) кіріс жəне шығыс құжаттарымен бірге, касса
кітабындағы қолхат арқылы тапсырады. Кассир бір мезгілде кассадағы қолма-
қол ақшаның қалдығын кассада нақты бар ақшамен салыстырады.
Кассалық кітаптың жəне Нысандар альбомының 453 нысаны бойынша бюд-
жет қаражаты бойынша жеке жəне демеушілік, қайырымдылық көмек түрінде
96
тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен қаражат
бойынша жеке мақсатына сай қолма-қол ақшаның, Нысандар альбомының 454
нысаны бойынша жеке немесе заңды тұлғалардың уақытша орналастыруынан
ақшаның пайдаланылуын бақылау кітапшаларының дұрыс жүргізілуін бақылау
бас бухгалтерге немесе мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есеп жүргізуді
қамтамасыз ететін бөлімшені басқаратын тұлғаға жүктеледі.
Жоспарлы тағайындаулардың жəне төленген міндеттемелердің талдамалы
есебі жоспарлы тағайындауларды жəне төленген міндеттемелерді ерекшеліктер
бойынша бөле отырып, əрбір бағдарлама, кіші бағдарлама бойынша Нысан-
дар альбомының 294-а нысаны бойынша талдамалы есеп карточкаларында
жүргізіледі. Карточкаларда бір айдағы жəне жыл басынан қорытындылар са-
налады.
Корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып 1020 «Мемлекеттік
мекеменің ағымдағы шоты» шоты бойынша бюджет ақша қаражатының ныса-
налы пайдаланылуын талдамалы есепке алу Нысандар альбомының 453 ныса-
ны бойынша кітапта жүргізіледі.
1030 «Есеп айырысу шоты» қосалқы шоты бойынша талдамалы есепке
алу Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларда жүргізіледі.
1041 «Демеушілік жəне қайырымдылық көмек ҚБШ» қосалқы шоты
жөнінде ақша қаражатының қозғалысы бойынша операцияларды есепке алу
Нысандар альбомының 5-20 «Қолма-қол ақшаның бақылау шотынан көшірме»,
5-15 «Мемлекеттік мекеменің жүргізілген төлемдері бойынша күн сайынғы
үзінді көшірме» нысандарының негізінде Нысандар альбомының 381 ныса-
ны жəне оған қосымша берілген құжаттар бойынша жинақтау ведомосінде
жүргізіледі. Демеушілік, қайырымдылық көмектің жекелеген түрлері бойынша
1041 «Демеушілік жəне қайырымдылық көмек ҚБШ» қосалқы шоты бойынша
талдамалы есеп Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларда (Нысан-
дар альбомының 292 нысанды кітабында) жүргізіледі.
1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы шоты бойынша ақша қаражатының
қозғалысы жөніндегі операцияларды есепке алу 5-33 «Ақылы қызметтердің
ҚБШ қалдықтар туралы есеп», 5-15 «Мемлекеттік мекеменің жүргізген
төлемдері бойынша күнделікті көшірме» нысандарының жəне оларға қосымша
құжаттардың негізінде Нысандар альбомының 381 нысаны (3-мемориалды ор-
дер) бойынша жинақтау ведомосінде жүргізіледі.
1043 «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» қосалқы шоты бойынша ақша
қаражатының қозғалысы жөніндегі операцияларды есепке алу «Мемлекеттік
мекеменің шотынан көшірме» 5-20, 5-15 «Мемлекеттік мекеменің жүргізген
төлемдері бойынша күнделікті көшірме» нысандары жəне оларға қосымша
құжаттардың негізінде Нысандар альбомының 381 нысаны (3-мемориалды
ордер) бойынша жинақтау ведомосінде жүргізіледі. 1043 «Ақшаны уақытша
орналастыру ҚБШ» қосалқы шоты бойынша талдамалы есеп Нысандар
альбомының 292-а нысаны бойынша карточкаларда (Нысандар альбомының
292 нысаны бойынша кітапта) жүргізіледі.
97
Шетел валютасындағы операцияны есепке алу есеп айырысу жəне
төлемдер валютасында жүргізіледі. 1050 «Шетелдік валютадағы шот» қосалқы
шоты бойынша ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі операцияны есепке
алу теңгеде, Нысандар альбомының 381 нысаны (3-мемориалды ордер) бо-
йынша жинақтау ведомосінде, ал операциялардың талдама есебі Нысандар
альбомының 292-а нысанды карточкаларында немесе Нысандар альбомының
292 нысанды кітабында жүргізіледі.
1061 «Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы
шоты» қосалқы шоты байланысты гранттардың қозғалысы бойынша опера-
цияларды есепке алу Нысандар альбомының 381 нысанды (3-мемориалды ор-
дер) жинақтау ведомосінде жүргізіледі. 1061 «Гранттар бойынша бюджеттік
инвестициялық жобаның арнайы шоты» қосалқы шоты бойынша талдама есеп
Нысандар альбомының 294-а нысанды карточкаларында жүргізіледі.
1062 «Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның
арнайы шоты» шотының сыртқы қарыздар қаражатының қозғалысы бо-
йынша операцияларды есепке алу Нысандар альбомының 381 нысан-
ды (2-мемориалды ордер) жинақтау ведомосінде жүргізіледі. Жазбалар
екінші деңгейдегі банктің шоты бойынша үзінді көшірменің жəне оған қоса
берілген құжаттардың негізінде жүргізіледі. 1062 «Сыртқы қарыздар бойын-
ша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты» шоты бойынша талда-
ма есеп шығыстардың бюджеттік сыныптамасы кодтарыбойынша Нысандар
альбомының 294-а нысандыкарточкаларында жүргізіледі.
1071 «Аккредитивтер» қосалқы шоты бойынша талдама есеп Нысандар
альбомының 292-а нысанды карточкаларында (Нысандар альбомының 292 ны-
санды кітабында) əрбір ашылған аккредитив бойынша жүргізіледі.
Жанар жəне жағар май материалдарына талондар (1072 «Ақша құжаттары»
қосалқы шоты) мемлекеттік мекеме басшысының өкімі бойынша жүргізушіге
беріледі. Талондарды қайта беру алдында алынғандарға есеп тапсырғаннан
кейін ғана жүргізіле алады.
Еңбек кітапшаларының бланкілерінен басқа ақша құжаттарының талдама
есебі олардың түрлері бойынша Нысандар альбомының 292-а нысанды карточ-
каларында (292 нысанды кітапта), еңбек кітапшаларының бланкілерін есепке
алу Нысандар альбомының 449 нысанды кітабында жүргізіледі.
Мемлекеттік мекемелердің кодтарындағы қаражаттың қозғалысы бойынша
операцияларды есепке алу жинақтау ведомосінің Нысандар альбомының 381
нысаны бойынша (2-мемориалды ордер) жүргізіледі. Жазбалар «Шығыстар
бойынша жиынтық есеп» 4-20 нысанды есептер жəне 5-15 «Мемлекеттік ме-
кемелер бойынша төлемдер тізілімі» нысаны мен оған қоса берілген құжаттар
негізінде жүргізіледі. Ағымдағы қаржы жылының төлемдерін қайтару бо-
йынша жазбалар үшін 2-38 нысаны бойынша төлем тапсырмасы мен аумақтық
қазынашылық бөлімшесі ұсынған 5-17 «Қалпына келтіру мен тасымалдар
тізілімі» нысанының есебі негіз болып табылады. Өткен жылдардың төлемдерін
98
қайтару бойынша жазбалар үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесі ұсынған
2-38 нысан бойынша төлем тапсырмасы, ал жергілікті бюджеттің кірісіне
бұрынғы жылдардың дебиторлық берешегін қайтару сомасын аудару бойын-
ша аумақтық қазынашылық бөлімшесінің төлемдік тапсырмасы негіз болып
табылады.
Орталықтандырылған бухгалтерияларда жоспарлы тағайындаулардың
жəне төленген міндеттемелердің талдамалы есебі Нысандар альбомының
294-а нысанды талдама есеп карточкаларында, бағдарламалар мен кіші
бағдарламалар бөлінісінде жүргізіледі. Нысандар альбомының 294-а нысанды
карточкаларындағы қорытындылар бір айға жəне жылдың басынан есептеледі.
Міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының
орындалуын дербес жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелерде жəне
орталықтандырылған бухгалтерияларда мемлекеттік мекемелер бойынша
міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жалпы жеке жо-
спарын жасау кезінде міндеттемелерді қабылдауға, кассалық жəне нақты
шығыстардың талдамалы есебі бағдарламалар, кіші бағдарламалар жəне
бюджеттік сыныптама ерекшеліктері бойынша Нысандар альбомының 294
нысанды жоспарлы тағайындауларда жəне шығыстарды есепке алу кітабында
жүргізіледі. Жазбалар бір күнде түскен əр құжат бойынша жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |